Сенбі, 4 Мамыр 2024
Ел іші... 3151 3 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 11:49

Оңтүстіктегі ауылдарды тағы да су басты...

Түркістан облысындағы ауылдарды тағы да су басты. 13 мамырда Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуінен оншақты үй су астында қалды. Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі хабарлады.

Ал «Tengrinews.kz» мәліметінше, Төле би ауданы, Екпінді ауылындағы Қарасу өзені арнасынан тасып, 4 үй мен 15 ауланы су басқан. Жоғарғы ауылында 4 автомобиль көпірі қираған.

Шымкент маңындағы Сұлтан Рабат ауылында да су деңгейі көтерілген, жолдарды су басқан. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желілерде хабарлап жатыр. Леңгірде де су тасқыны болғаны айтылады. Қазығұрт ауданы, Жігер ауылдық округінде де үйлерді су басқан.

(Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды)

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, кеше Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы, Төле би ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен.

slider

(Сурет Шымкент қаласы әкімдігінің сайтынан алынды)

Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құраған. Жалпы 60 үйдің ауласын су басқан және 3 шаруашылық құрылысы қирапты.

«Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды.

slider

(Сурет Шымкент қаласы әкімдігінің сайтынан алынды)

Су басқан 60 үйден адамдарды көшіру ұйымдастырылды. Маятас тұрғын кешенінде орналасқан №119 мектептің негізінде құрылған №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді, 150 адам өздеріннің туыстарының үйіне орналасты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қосымша 4 эвакуациялық-жиналу пункті дайындыққа келтірілді», - делінген ресми хабарламада.

© ТЖК

(Сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды)

14 мамыр күні түнгі сағат 01:14-те Еңбекші ауданы, Откорм.совхозы, Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзені арнасынан тасыған. Жағалаудың бұзылуы салдарынан 2 тұрғын үй құлай жаздаған. ТЖД өкілдері қауіпті делінген 2 үйден 17 адамды эвакуациялап, Бадам-1 елді мекеніндегі №84 орта мектебінде орналасқан эвакуациялық пунктке жеткізген.

Сонымен қатар 112 кезекшілік қызметіне азаматтардан үйлердің аулаларын су басқаны туралы 28 қоңырау түсіпті.

«Қазіргі таңда қауіпсіздікті сақтау мақсатында құзырлы мекемелер тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда», - делінген ресми хабарламада.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1070
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 965
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 814