Сенбі, 4 Мамыр 2024
Талқы 2918 6 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 16:19

Жаңа салықты кiмнiң мойынына iлмек?

Кеше президент Тоқаев прогессивті табыс салығын енгіземіз деп жариялады. Аталған ақпар қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ел ішінде әртүрлі әңгімелер айтылуда.

Прогессивті табыс салығы деген не? Оның мақсаты мен атқаратын функциясы қандай? Нақтылық жоқ. Есесіне, болжамсөздер көп. Біреулер – «бұл көлеңкедегі қаржыны әшкерелейді» десе, екіншілері – «шағын және орта бизнесті өлтіретін қадам» дейді. Қайсысы шын?

Белгілі журналист Бағдат Қожахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында прогессивті табыс салығы туралы екі ауыз пікірін жазған екен. Оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

Бағдат Қожахметов:

- Прогрессивтiк шкаланы енгiзiп, мемлекет жеке салықты кɵтерейiн деп жатыр. Түсiнiктi ғой. Мұнайдан түсетiн ақша едəуiр азайды. Орнын толтыру қажет. Бiрақ сол жаңа салықты кiмнiң мойынына iлмек?

Жұмыс берушiге салмақ салса ɵзi əрең тұрған бизнес «кɵлеңкеге» қашады. Табысын жасырып, еңбек ақысын «конвертке» тығып бередi немесе жабылады да қалады.

Неге десеңіз, қазiрдiң ɵзiнде жұмыскерге қолма-қол, мысалы 300 000 теңге жалақы төлеу үшiн, оның үстiнен 111 411 теңге салық тɵленедi (10% зейнетақы, 10% жеке салық, 1% медицина жəне шыққан соманың үстiнен қосымша əлеуметтiк салық). Прогрессивтiк шкаланы енгiзсе жұмыс берушiге 141 000 теңге салмақ түседi. Сол үш жүз мыңның жартысы.

Ал жаңа салықты жұмыскерге мойындатса оның қолма-қол алатын ақшасы азаяды. Мысалы, 300 000 теңгеден 270 000 теңгеге дейiн азайады. Халық өзi де жетiсiп жүрген жоқ. 30 мың - бiр аптаға жететiн азық-түлiк.

Ендi не iстеймiз? Үкiметтiң ұсынысы мынау:

Кезiнде мұнайдың бағасы шарықтап тұрғанда Ұлттық қор құрылды. Кɵптеген зауыттар мен фабрикаларды тiкелей эфирде «кнопкасын» басып, ашылып едi. Соның бəрi қайда? Кɵзбояушылық болғаны ма?

PS: Ондай болса, жылдар бойы бiздiң кɵзiмiзге жағылған бояуды қосымша салықтың орнына қырып берейiк.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 991
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 855
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 719