Сенбі, 11 Мамыр 2024
1956 0 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 02:36

Карантин кезінде көші-қон құжаттары қалай рәсімделеді?

Коронавирус пандемиясы әлем жұртшылығын әбігерге салуда. Аты жаман вирусты әлемде бірнеше миллион адам жұқтырып алғаны белгілі болды. Неше жүз мың адам қайтыс болып, адамзат қоғамына айтақалсын ауыр зиянын тигізді. Ал еліміздегі жағдайға келсек, қазірге дейін бірнеше мың адам вирус жұқтырғаны анықталды.

Коронавирус жұқытырған алғашқы адам анықтала салып, елімізде алдын алу шаралары шұғыл қолға алынды. Вируспен күрес барысында нақты шаралар әлі жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен отандастармыз вирусты жеңіп шығуға бел шеше кірісіп кетті.

Бәріміз білетіндей, елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланып, ел аумағы карантине жабылды. Осыған байланысты ел аумағында жүріп-тұру қиындап, бірқатар мәселелер туындатқаны шындық.

Карантин жариялануына байланысты азаматтардың ел аумағында жүріп-тұруына шектеу қойылды. Осыған байланысты олардың жол жүруіне ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді осы мәселе жайында толықырақ жаза кетейік.

Ресми ақпарат құралдарына сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының көші-қон қызметі биылғы жылдың басынан отыз алты мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен екен.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметі орталығы уақытша жабылды. Сондықтан көші-қон желісі жайлы мемлекеттік қызметтер тек «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жауапты қызметкерлердің зерттеуінше, елімізже ең көп сұранысқа ие қызметтердің бірі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу немесе тіркеуден шығару болып табылады. Биыл жыл басынан бері аталған қызметті он екі мыңнан астам солтүстікқазақстандық азамат алған екен. Бұл дегеніңіз көші-қон қызметі саласындағы жалпы қызмет көрсетудің үштен бірі. Ерекше айта кетерлігі, бұл қызметті 7,5 мың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйде отырып онлайн-режимінде алған екен. Бұл қызметтер онлайн режимде «электрондық үкімет» порталы арқылы алынған.

«Қазіргі уақытта бірқатар қызмет түрлерін онлайн-режимге көшіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Әзірге бұл процесс аяқталған жоқ. Бұдан бөлек, адамдарды жауапкершілік туралы мәселе алаңдатады. Карантин кезеңінде техникалық себептерге байланысты құжаттарын ресімдеп үлгермегендер әкімшілік жауапқа тартылмайды», - дейді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1927
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2075
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1725
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1523