Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3043 0 пікір 4 Мамыр, 2020 сағат 11:56

31 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуынан кейін, Түркістан облысында бірнеше елдімекен қызылсудың құрсауында қалған еді. Бүгін ел Үкіметі арнайы комиссия құрыпты. Апаттың салдарын жойып, зардап шеккен тұрғындарға көмек ұйымдастырмақ көрінеді.

«ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елдімекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды»,- делінген Үкімет сайтында.

Комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірген. Оған премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр төрағалық етеді.

Арнайы құрылған комиссия апаттан келген шығынды есептеп бағалаумен, су басу салдарын жоюмен, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтірумен, сондай-ақ, зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен айналысады.

Айта кетейік, 1 мамыр күні Өзбекстанда жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді.

2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтарал ауданының шекарасында коллектордан су өтіп, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елдімекендері су астында қалған. Сондай-ақ, Мырзакент - Жеңіс - Жаңа Тұрмыс автомобиль жолдарын су басты. Бұдан соң, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Ал, 3-сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысындағы 10 ауылды су басқанын мәлімдеді.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31 606 адам эвакуацияланған.

4 мамыр күнгі ақпарат бойынша, Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалды.

Полиция тарапынан Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елдімекендерінде бір, Т. Жайлыбаев ауылында екі блок-бекет құрылған. Қазір оның жалпы саны 7-ге жетті.

3115 ірі қара мал, 1101 ұсақ мал, 585 жылқы, 34 түйе Келес ауданы, Қызыләскер ауылына жеткізілді. Бұдан бөлек, 1797 ірі қара мал, 6029 ұсақ мал, 689 жылқы, 381 түйе, 165 шошқа Мақтарал ауданындағы су басу қаупі жоқ жерге жеткізілді.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, қазірдің өзінде 3601 гектарға жуық ауыл шаруашылығы дақылдарының су астында қалып, зардап шеккені анықталған. Алдын ала болжам бойынша шығын көлемі 404 млн. теңгені құрап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1754
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1725
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1449
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1370