Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3064 0 пікір 21 Қазан, 2011 сағат 13:01

Өлдің, Муаммар, қор болдың

Ливиядағы көтерілістен кейін тақтан  түскен Муаммар Кадаффи өзінің туған жері - Сирт қаласын үшін болған қақтығыс кезінде қаза тапқаны расталды.

Әлемдік ақпарат көздерінің дерегі  Каддафидің қалай қаза болғаны жайлы әртүрлі мәлімет таратып жатыр.  Әуелі, Каддафи Сирт қаласындағы атыс кезінде бірнеше көлікпен қашып шықпақ болған кезде оққа ұшқан делінсе, іле-шала оның су құбырына жасырынған жерінен қолға түскені, кейіннен өлгені айтылады. Қалай болғанда да Ливия премьер-министрі міндетін атқарушы Махмуд Жибрил және өтпелі кеңестің Ұлыбританиядағы елшісі Каддафидің өлгенін ресми түрде растап, әлемге жария етті.

Осылайша, Ливияны 40 жылдан астам уақыт билеп, ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында ұстаған  Муаммар Каддафи көтерілісшілерден ажалын тапты. «Дүние өтердің де шыр айналдың» деген осы шығар...

«Абай-ақпарат»

0 пікір