Жұма, 3 Мамыр 2024
4089 24 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 14:52

СІМ Қытай сайттарындағы мақалаға қатысты наразылық білдірді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өтті. Кездесу барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірді.

«Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.

Сондай-ақ мәлім болғандай, Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.

Айта кетейік, бұл мәселеге қатысты 11-сәуір күні Abai.kz сайтында «Тарихқа төрелік айтатын Қытай емес» атты мақала жарияланған болатын.

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 782
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 603
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 623