Жұма, 26 Сәуір 2024
2969 0 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 11:16

Борис Джонсон интенсивті терапия палатасынан ауыстырылды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Лондондағы Әулие Фома ауруханасының интенсивті терапия палатасынан қарапайым палатаға ауыстырылды. Оған коронавирус жұқтырды деген диагноз қойылған.

Джонсонның жағдайы жақсарғанын британ ақпарат құралдары премьер кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.

Даунинг-стрит, 10-дағы кеңсе таратқан хабарламада премьердің "көңіл-күйі көтеріңді" делінген. Бұған дейінгі ресми ақпараттарда кеңсе премьердің жағдайын "жақсы" деп қана сипаттаған еді. Енді Джонсон аурудан айығып келе жатқаны туралы айтыла бастады.

Премьер коронавирус жұқтырғанын 27 наурызда жариялаған еді. Жексенбі, 6 сәуірде оны ауруханаға жатқызды, ал ертесіне интенсивті терапия палатасына ауыстырды. Джонсон сыртқы істер министрі Доминик Раабтан қызметін уақытша атқара тұруын ресми түрде сұрады. Премьер-министрдің тыныстауы қиындап, оған оттегі беріліп жатқаны туралы хабарланды. Дегенмен Джонсонның жасанды тыныс алу аппаратына қосылмағаны ескертілді.

Джонсон интенсивті терапия палатасында үш күн емделді. Сәрсенбі күні оның жағдайы жақсарғаны айтылды.

Джонсон коронавирус жұқтырмастан бұрын, бірақ бірқатар елден сәл кешірек, британ үкіметі жалпыұлттық карантин жариялаған. Бейсенбі күні караньин кем дегенде 19 сәуірге дейін ұзартылғаны мәлім болды. Елде коронавирустан бір тәулікте қаза болғандар саны өсіп барады. Бейсенбі күні ғана 881 адам жұқпалы індеттен көз жұмған. Ал пандемия басталғалы бері қаза болғандар 8 мыңға жуықтады. Ұлыбританияда осы уақытқа дейін шамамен 65 мың адам коронавирус жұқтырған.

Abai.kz

0 пікір