Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 5191 8 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 10:33

Саудиттар Ресейді дегеніне көндірген сияқты

Алдын-ала бар ақпаратқа сүйенсек ОПЕК отырысы он сағатқа жуық жүрген. Саудиттар ақыры Ресейді дегеніне көндірген сияқты. Мысалы 5-наурызда Ресей күніне 300 мың баррель қысқартуға, ал 8-сәуірде күніне 1,6 млн баррель қысқартуға үзілді-кесілді қарсы болып, көкбеттенген еді. Енді міне саудиттар да, Ресей де күніне 2,5 млн баррельге қысқартатын болып алдын-ала келісті.

Мәскеудің "10 жылға шыдаймыз" дегені бос сөз болып шықты-ау. Саудиттар сөзсіз ұтты, өйткені олар келісімге дейін онсыз да 3 млн баррель артық қосып өндіріп жатқан болатын. Бар болғаны соны азайтады. Ал Ресей негізгі өндірістік баррелінен азайтады.

Сонымен бірге Ирак 1 миллион баррель, БАӘ 0,7 миллион баррель, Нигерия 0,42 миллион баррель, Мексика 0,4 миллион баррель азайтуы тиіс. Қалғанын G20 елдері келісіп, азайтпақ. Отырыстың басты келісімі әлемдегі мұнай өндірісін күніне 43,8 млннан 33,8 млнға азайту. Жалпы келісім 1-мамырдан бастап іскн аспақ.

ПыСы: Тек Мексика өкілдері ғана келіссөз барысында келіспей, тұрып кетіп қалды. Қызуқанды жігіттер бірдеңе иіскеп келген сияқты...

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 646
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 510
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 526