Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3986 1 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 11:50

Бізде вирусты алдын алу шарасы 100 есе оңай болуы тиіс

COVID 19 қатты жылдамдықпен кетіп бара жатыр.
Президент қасында жүрген кеңесші, көмекші, министрлер біз дер кезінде бәрін қолға алдық, дер кезінде шара көруімізге байланысты еліміздегі ахуал тұрақты. Алпауыт елдерді қарашы деп мысалды арпалыстағы елдерден іздейді.

Құрметті саясаттың сапында жүрген ағалар, ауыздан авария болмай сәл тұра тұрыңыздаршы.

1. Бізде бәрі жақсы, президент шешімінің, биліктің дәл уақытында қолға алуына байланысты деген сөзді айтуға әлі ерте. Дәл қазір жағдайдың қалай бұрылып кетерін ешкім болжай алмайды.

2. Испания, Италия, АҚШ, Қытаймен бізді салыстыру әбестік. Олардың жан саны тығыз, бір қаласында 5 миллионнан астам адам тұратын алпауыт елдер. Жан саны тығыз болған сайын жұғу ауыр болады. Жылдамдығы тез болады.

Біз ше, бізде жан санның тығызды жоқ, миллиондық қала үшеу ғана. Бізде алдын алу шарасы ана мемлекеттерден он есе түгілі 100 есе оңай болу керек.

Сондықтан, сіздер ел болып мына сынақтан аман есен өтіп алсақ, жағдай тұрақталып, аты жаман вирус алыстаған соң да мақтанып, билікті, президентті мақтап үлгересіздер. Қазірге сабыр етіп, дәл осы сәттегі елдің, жұрттың қамын жасаңыздар.

Аятжан Ахметжанұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 618
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 367
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 361
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 367