Жұма, 3 Мамыр 2024
3211 0 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 13:00

Қазақстан мен Өзбекстан дәрігерлері ғаламдық флешмобқа қосылды

Қазақстан мен Өзбекстанда дәрігерлер мен медбикелер ғаламдық флешмобқа қосылды. Олар халықтан коронавирус індетін тоқтату үшін үйде отыруын сұрады.

Өзбекстандағы акцияны елдің денсаулық сақтау министрлігі қолдады. Республикада 23 адам коронавирус жұқтырған.

Флешмобты бірнеше күн бұрын малайзиялық дәрігер ​Джи Тик Шенг бастады. Акцияны әлемдегі 50 мыңға жуық дәрігер қолдады.

Медицина қызметкерлері бір парақ қағазға "I stayed at work for you. You stay at home for us" ("Мен сен үшін жұмыста қалдым. Сен біз үшін үйде отыр") деп жазып, суретті әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Әлемде коронавирусты 218 мыңнан астам адам жұқтырды. тоғыз мыңға жуық адам қаза тапты.

Әлемнің көптеген елінде, әсіресе Италияда, Иранда, Испанияда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Бұл жағдай денсаулық сақтау жүйесіне ауыр тиіп жатыр. Көптеген елде медицина қызметкерлері демалыссыз жұмыс істеп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 962
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 824
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 629
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 692