Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3951 0 пікір 4 Қазан, 2011 сағат 07:35

«Қазақтың сасқаны – ұйғырдан қашқаны»

Алматы облысы, Ұйғыр ауданының жүздеген тұрғындарының атынан облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлының және аудан әкімі Куюмчан Аванұлының атына жазылған хат кездейсоқ қолымызға түсті.

Қазақстан - бөлінбейтін, бөлшектенбейтін, біртұтас мемлекет екенін анық. Бұл туралы Ата заңда да тайға таңба басқандай жазылған. Алайда, теріс пиғылды, азаматтардың теңдігі мен ел мен жердің тұтастығына қыңыр келетін әрекеттердің де бар екеніне төмендегі хаттан қанық боласыз.

«Абай-ақпарат»

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!

«Сүйер ұлың болса, сен сұй,

Сүйінерге жарар ол» - деп, ұлы Абай айтпақшы, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында облысымызды басқаруға басқан қадамыңызға нұр жаусын! Қазақ елінің абыройын асқақтату жолында аянбайтыныңызға бек сенімдіміз.

Әйтсе де, «Ауруды жасырғанымен, өлім әшкерлейді» - демекші, ауданымызда көптен бері қордаланып қалған мына мәселелерді сізге жеткізбеуге болмады.

Қазақтар ғана мекендеген Сүмбе, Шошанай елді мекендеріне баратын автожолға 2008 жылдан бері ешбір жөндеу жүргізілмей, ал негізінен ұйғыр диаспорасы тұратын Ақсу, Ават, Тиірмен бағытындағы автожолдың жыл құрғатпай жөнделуі атамекенінде отырған қазақтардың намысына тимей ме?

Алматы облысы, Ұйғыр ауданының жүздеген тұрғындарының атынан облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлының және аудан әкімі Куюмчан Аванұлының атына жазылған хат кездейсоқ қолымызға түсті.

Қазақстан - бөлінбейтін, бөлшектенбейтін, біртұтас мемлекет екенін анық. Бұл туралы Ата заңда да тайға таңба басқандай жазылған. Алайда, теріс пиғылды, азаматтардың теңдігі мен ел мен жердің тұтастығына қыңыр келетін әрекеттердің де бар екеніне төмендегі хаттан қанық боласыз.

«Абай-ақпарат»

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!

«Сүйер ұлың болса, сен сұй,

Сүйінерге жарар ол» - деп, ұлы Абай айтпақшы, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында облысымызды басқаруға басқан қадамыңызға нұр жаусын! Қазақ елінің абыройын асқақтату жолында аянбайтыныңызға бек сенімдіміз.

Әйтсе де, «Ауруды жасырғанымен, өлім әшкерлейді» - демекші, ауданымызда көптен бері қордаланып қалған мына мәселелерді сізге жеткізбеуге болмады.

Қазақтар ғана мекендеген Сүмбе, Шошанай елді мекендеріне баратын автожолға 2008 жылдан бері ешбір жөндеу жүргізілмей, ал негізінен ұйғыр диаспорасы тұратын Ақсу, Ават, Тиірмен бағытындағы автожолдың жыл құрғатпай жөнделуі атамекенінде отырған қазақтардың намысына тимей ме?

Шонжыдағы типтік үлгіде салынған жаңа мектептер ғимаратында үнемі орыс, ұйғыр тілінде оқитын мектептерге берілген. Ал, қазақ тілінде оқитындарға арналып салына бастаған мектеп орта жолдан тоқтайтынына таң қаласың. Соңғы жылдары аудан орталығы Шонжы ауылына аса зәру емес бағдаршамдарға табылатын қаржы, бітуге 20-30 пайыз жұмысы ғана қалған қазақ мектебінің құрылысын аяқтауға келгенде су аяғы құрдымға кететінін көріп, еріксіз жағаңды ұстайсың. Сиымдылығы 180 орындық

Оқушысы - 460 Шонжы №4 орта мектебі оқушыларды оқытатын бөлмеге зәру болса, 916 орындық Ұйғыр орта мектебінде 400 ғана бала оқиды және №4 мектептің жанында орналасқан №5 тағы бір ұйғыр тіліндегі мектеп бар. Оқушы саны 266 ,Ұйғыр тілінде оқитын балаларды №3 мектеп ғимаратына қабылдап, №5 мектепті қасындағы №4 мектепке беру үшін қаншалықты ақыл керек екендігін білмейсің.

Ежелгі Үйсін тайпасының Албан руының бір тармағы Жарты ата қонысы, Әйтей бабамыздың үңгірін «Назгум» атандырғаны былай тұрып, оны ұйғыр халқының тарихи үңгірі деп атап, ескерткіш кешен салғалы жатқан ағайындардың ойларында не бар?

Былтыр бірнеше күн бойы Шошанай ауылының үйлеріне қоңырау шалып, қоқан-лоқы жасап, балағаттағандардың ісін жауып тастаған құқық қорғау органдары мен әкімдік қызметкерлерінің әрекетіне не дейміз? Олар ауруды жасырғанмен өлім әшкерлейтінін білмей ме? Әлде оларға керегі ұлтаралық араздық па?

«Халқы тату-тәтті елдің болашағы жарқын» - демекші, Елбасы еңбегінің арқасында, ынтымағы жарасқан 130 ұлтты айрандай ұйытып отырған елміз. Бұл даусыз - ақиқат. Дегенімен, Бұқар жыраудың Абылай ханға «Уа, мен қауіп еткеннен айтамын» - дегеніндей, соңғы жылдары көңілімізге қаяу түсіріп, «Айрандай ұйыған елімізді, іркіттей ірітуге» құштар әрекеттерді сізге жеткізбеу ақсақалдығымызға мін еді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ауданымыздағы тарихи атауы «Баян қазақ», бүгінде Ават аталатын ауылдағы И.Искандеров атындағы орта мектептің ұйғыр сыныптарындағы факультативтік сабақтарда Ұйғыр тарихы оқытылып, Жетісу жері Ұйғырстанның жері ретінде таныстырылып, «Шығыс Түркістан» деген мемлекеттің туы, елтаңбасы дәріптелетіні «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілгені бәрімізге белгілі.

2010 жылы сәуір айының соңында Тасқарасу ауылында ұйғыр отбасының үйлену тойының жастар шеруіне автокөлікте «Шығыс Түркістан» мемлекетінің туы көтерілгені қазақ жастарының намысын қоздырып, республика көлемінде шу болғаны ел есінде. Соның салдарынан сауығу мақсатында ауылдарда өткізілген жастар фестивальдерінің бірінде, атап айтқанда: Ақтам ауылындагы іс-шарада «Ұйғыр қизлири» әнінің мәтінінде Қытай елі мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіруші ретінде елден аластаған Рабия Қадырды «Азатлиғимниң бәлгуси» деп мақтаныш тұтуын қалай түсінеміз? Әннің сөзін жазушының, оны айтқызушылардың мақсаттары не?

Күні кеше ғана Кіші Дихан ауылындагы М.Таипов атындағы орта мектепте ұйғыр сыныбы оқушыларының «Ұйғырстан» - деп жазылған ту аясында суретке түсіп мақтанғанын, Қазақ балаларына «Бұл ұйғыр мектебі, сендер өз мектептеріңе барып оқыңдар, Ұйғырстан құрғанда көресіңдер әлі» - деп дөңайбат көрсетіп,

Алтын күн аспаны,

Қазақтың сасқаны,

Ұйғырдан қорқам деп,

Тоңқалаң асқаны - деп, мемлекеттік әнұранды мазаққа айналдыруына ықпал жасағандар кімдер?

Ұлтаралық мәселені оңтайлы шешу үшін Кіші Дихан ауылына 2-рет келген Әкімдік, құқық қорғау, білім бөлімі қызметкерлерінің өткізген жиынынан неге тиісті қорытынды шықпайды?

Ұйғыр жастарының автокөліктерінде, ұялы телефондарында соңғы кезде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен Шығыс Түркістанның туы, елтаңбасы, әнұраны, ұйғырлар жасырын көретін Рабиям Қадырдың бейнетаспасы, кітабы, кейбір мектептерде Әнұранды «Менің Ұйғырстаным» деп айтқызушылар нені көздейді?

Мекемелеріне Рабия Қадырдың суреті бар күнтізбелер ілген кәсіпкерлердің ниеттері қалай?

Аудандағы адам аты берілген 9 мектептің 8-іне ұйғыр азаматтарының аттары берілген. Осы мәселені күн тәртібінен алып тастау үшін қалған мектептерге қазақтардың атын беруге ықпал жасаудан аудан әкімдігінің бой тартуының мәні неде?

Ұйғыр азаматтары бар ауылдарда көшелердің көпшілігі солардың атымен аталуы қалай?

Әлемге әйгілі ғалым, саяхатшы өзі оқыған Кадет Корпусының қабырғасына «Выдаюшися просветитель, казахский ученный Чокан Чингисович Валиханов 1835-1895 годах учился в Омском Кадетском Корпусе в 1847-1853 годах» - деп, ескерткіш тақта қойылған Шоқанның Шонжыдағы көшесін көріңізші?

Ал Шығыстың қос шынарының бірі, Совет одағының батыры Мәншүк атындағы көшеден автомашина жүрмек тұрмақ, ат сүрінеді.

«Ұйғыр орман шаруашылығы», «Ұйғыр су құбыры» - деп аталатын мекемелер ұйғырларға ғана тән бе?

Шонжы ауылының орталық көшелеріндегі түнде жанатын «гүлдер» ненің нышаны?

Аудандық Пошта, Банк, Қазынашылық, Орман шаруашылығы, Су құбыры, Қаржы, Электр торабы, Экономика, Еңбекпен қамту сияқты мекемелердің басшылары тек ұйғыр ұлтының өкілдерінен тағайындалуының не сыры бар?

Өнерімізді өркендетіп халықты рухани жағынан сусындатып жүрген ұйғыр ансамбілі «Арзу» - 21 штатпен істегеніне 50 жылдан асса, «оптимизация» кезінде отаға түсіп жабылып қалған «Жазерке» ансабілінің 2011-жылдан бастап 6-ғана штатпен «Тайдың жемін жеп, нардың жүгін арқалап» жүргені қалай?

Тіпті жолға, суға, мектеп, балабақша тағы басқа нысандар салуға бөлінетін қаржы-қаражаттың қазақтары басым ауылдарға кенжелеп, сұйылып келетіні неліктен екеніне түсінбейсің.

Құрметті Аңсар Тұрсынханұлы!

«Жеткен қыз - төркінін танымайды» - дегендей, осы мәселенің барлығы аудан көлемінде бірнеше рет көтерілгенімен, тиісті нәтиже шықпады. Сондықтан, сіздің құзырыңызға жеткізуді жөн көрдік.

«Қарнымның ашқанына емес,

Қадірімнің қашқанына жылаймын» - демекші, ұйғыр халқының өсіп- өнуіне, салт-дәстүрінің өркендеуіне, ұрпағының ұлт тілінде оқуына, мәдениетінің мәртебеленуіне жағдай жасап отырған Қазақстанға қарапайым ұйғыр халқының ниеті ақ, көңілі пәк екеніне кәміл сенімдіміз. Әйтсе де, жоғарыдағыдай әрекеттерге барып, «Қарындағы майды шірітуге» - құмар экстремистік пиғылдағылардың отына май құюға себеп болып отырған біздіңше ауданның атының «ұйғыр» аталуы. «Тыңдар құлақ болса, айтылған сөз жеткілікті болды» - демекші, ауданның, жердің тарихи атымен аталуы көптеген проблеманың оң шешілуіне мәйек болары сөзсіз.

Ел еркіндігінің 20 жылдық мерейтойын тарихи атауымен қарсы алсақ бәрімізге үлкен қуаныш болар еді.

Үкілі үмітпен: аудан тұрғындары:

 

Барлығы 265 адам қол қойған.

 

Құрметті Куюмчан Аванұлы!

Біздің 265 азаматтың қолы қойылған 20.06.2011 жылғы хатымызды елеп, мәлімдеме (№174/790. 19.07.2011ж) берген сергектігіңізге ризамыз.

Алайда, мәлімдеменің соңғы азат жолындағы «...аудан атын өзгерту туралы хатыңыздағы ұсынысты аудан әкімдігі құптап, 23.06.2011 жылы облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясының торағасы С.Мұқановтың атына 03-4/480 нөмірлі ұсыныс хат жолданды» деген сөйлемнен басқа көңілге қонар дәйек жоқтығын өзіңіз де сезерсіз...

Осы дәйектің өзі де әйтеуір шығарып салма сөз. Өйткені, 60 мыңнан аса халқы бар аудан атын өзгертуді әкімдік «құптау» үшін ең болмаса аудан активімен ақылдаспай ма?

Жауаптағы бірнеше стильдік және 12-ден аса жіберілген грамматикалық қателерді көрмей-ақ қол қоюыңыз, көтерілген мәселенің байыбына бармағандығыңыздың куәсі.

Хатқа қол қоюшылардың алғашқысы Ж.С.Керімқұловқа ғана жолдауыңыз қалған 264 азаматтың намысына тиіп, көтерілген түйінді жеңілдету амалы деп түсінуімізге негіз болып отыр. Бұл - Халықаралық Алаш силығының лауреаты, ақын - Ж.Сәрсек, халық әртісі, актер - Б.Тұрыс, ақын - Б.Беделханұлы, Соғыс және еңбек ардагері, 100 жасқа келген - К.Көжекбаев бастаған ел ағаларының қауіп еткеннен, айтқанын аяқ асты еткеніңіздің дәлелі.

Мәлімдемені «Аудан әкімдігі Сіздің 2011 жылдың 20 маусымындағы хатыңызды қарап, ауданда орын алған келенсіз жағдайларға назар аударғаныңызды ел ертеңіне бейжай қарамағандығыңызды танытады деп қабылдап, осы кемшіліктер бойынша төмендегіні мәлімдейді» - деп бастапсыз.

Бұл, біздің аудандағы «келеңсіз» жағдайларға бейжай қарамағаныңызға қуанғаныңыз ба, әлде сол жағдйлардың орын алғанын мойындағаныңыз ба? Немесе, «келеңсіз жағдайлар мен кемшіліктерді» ажырата алмағандығыңыз деп түсінеміз бе?

Мәлімдеменің екінші азат жолынан басталған «ауданда Ұйғыр этносы жастарының автокөліктерде, ұялы телефондарда Шығыс Түркістанның туы, елтаңбасының бейнесін орналастырып, Рабиям Қадырдың бейнетаспасын көріп, кітабын оқу жөнінде, ұйғыр этно мәдени орталығының төрағасы, ақсақалдар, жігітбасыларымен жиналыс өткізіп, түсінік жұмыстары жүргізілді.» (Грамматикалық қате түзетілмей көшірілді) деген мәлімдеуіңізді қалай түсінеміз?

Әлде, Ұйғыр этно мәдени орталығының төрағасы өткізген жиналысындағы мақсаты «автокөліктерде, ұялы телефондарда Шығыс Түркістанның туын, елтаңбасының бейнесін орналастыру, Рабиям Қадырдың бейнетаспасын көріп, кітабын оқуды насихаттау» - деп ұғамыз ба?

Ономастика саласына байланысты қолға алынған қандай іс-шаралар бар? Ол неге біздің хаттан кейін селолық округ әкімдерінде ғана атқарылады?

 

Бұл аудан бойынша жоспарлы жүйелі жұмыстың жоқтығының айғағы емес пе?

Қазақстан Республикасының саяси қызметкері ретінде «Ұйғыр орман шаруашылығы», «Ұйғыр су құбыры» деген атаулар «біздің атамекенімізге ұйғыр ағайындардың орманы» мен суы қайдан келген деген күмән тудырады деп, неге тиісті орындарға атауларды ауыстыру туралы ұсыныс бермейсіз?

Шонжы елді мекендегі көшелерінде түнде жанатын гүлдердің ұйғыр халқының ұлттық оюы екендігін білмей-ақ қойыңыз. Олар неге тек қана тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңындағы мерекелік безендірілуде ауыстырылады? Бұл жұмыс неге дәл қазіргі уақытта жоспарланады? Неге жыл басынан емес? Неге сіз аудан әкімі болып тагайындалғаннан басталмаған? Ал, жыл басынан бастап, тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен бүгінде әлем тойлап жатқан ұлы ақын Мұқағалидың 80 жылдығына соқыр тиын қарастырылмай, «Арзу» ұйғыр ансамбілінің 50 жылдығына 1,2 млн теңге бөлінгенін қалай түсінеміз?

Облыстық, Республикалық қазынадан қаржыландырылатын мекеме басшыларын тағайындауға аудан әкімінің ықпалы жоқ дегеніңізге кім сенеді?

Кіші Дихан селолық округіндегі келеңсіз жағдайдың орын алуына себепкер мектеп директорын орнынан оқу жылының аяғына дейін босатамыз деген уәдеңіз неге бүгінгі күнге дейін орындалмады?

Құрметті Куюмчан Аванұлы!

Өз сөзіңізбен айтқанда ауданда орын алған келеңсіз жағдайлар туралы алдыңыздан өттік.

Мәлімдемеңізбен танысып, бірде-бір мәселенің нақты шешілуіне құлықсыз екеніңізге көз жеткіздік. Енді ақиқатты жоғарыдан іздеуге тура келіп отыр.

Құрметпен,

2011 жылғы 14 маусымдағы қол қоюшы 265 адам.

 

0 пікір