Жұма, 3 Мамыр 2024
Коронавирус 2945 0 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 10:51

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

18 наурыздан 19 наурызға қараған түні елорда уақытымен сағат 00:00-де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі күшіне енді. 

Бұл шешім ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданған болатын.

Шешімге сай Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. Атап айтқанда, елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді.

Кеше ҚР Бас Прокурорының орынбасары Болат Дембаев ресми үндеу жасап, карантинге байланысты бірқатар шара мен уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.

-Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті елдің бүкіл аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2020 жылғы  19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілді. Бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленді. Оларды орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (ӘҚБтК-нің 476-бабы - 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу), - деді Болат Дембаев.

Сонымен қатара, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген (Қылмысты кодекстің 379-бабы - 2 мың АЕК айыппұлдан 2 жылға бас бостандығынан айыруға дейін).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 989
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 850
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 716