Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 93820. Жазылғандар — 65132. Қайтыс болғандар — 1058
Білгенге маржан 3117 9 пікір 15 Ақпан, 2020 сағат 13:54

Франциядан білім алуға қазақ студенттеріне де мүмкіндіктер көп

Есхат Нұржұмаұлы (Франциядағы қолданған есімі Ulysse Ouvrieu) 1988 жылы туған. Франциядағы Норманди бизнес академиясының Басқару ғылымының магистрі. 2018 жылдан бастап Париждегі Давинчи университетінің Халықарлық дамыту бөлімінің жауапты қызметкері болып жұмыс істеп келеді.


– Өзіңіз жұмыс істеп отырған білім ордасының тарихы туралы аз-кем  тоқтала кетсеңіз...

– Бұл университет Париждегі райондық үкімет құрған жеке жоғары оқу орны. Кейін келе даму сатысына көтеріліп, қолдаушылары мен білім алушылардың жақсы ортасына айналып үлгірді. Мақсаты пайда табу емес, білім алушыларға сапалы білім беру. Қазір осы университетке әлемнің барлық елдерінен келіп, оқып жатқан неше мың студеттер бар. Жеке университет болғанымен, білім беруі жағынан мемлекеттік университтерден кем түспейді.

– Францияның білім беру жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?

– Франция еліндегі білім сапасын өте кемелді деп айтуға болады. Жоғары оқу орнына түсіп оқығысы келетіндерге мүмкіндіктер де көп. Бұл елдегі қоғамдық университтер негізінен ақысыз. 11 сыныпты тауысып, дипломдық емтиханнан өткендер жоғарыда айтылған қоғамдық университеттерге кіріп, оқи алады. Қайда оқу, қай оқу орнын таңдауы әр кімнің өз еркінде. Бір байқағаным, Франция елінде барлық адамға білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Арманы бар адамды алға жетелеуге үкімет те ынталы. Папеолон кезінде басталған оқу бағдарламалары да әлі күнге жүзеге асып келе жатыр. Мен істеп отырған университет те сол бағдарламаның аясында білім береді. Жоғары оқу орындағы ерекшелікке тоқталсақ, әр оқу жылы біткенде, бір ай немесе екі ай уақыт практикалық жұмысқа жіберіледі. Ал университеттің үшінші жылы міндетті түрде шетелге барып, жарты жыл тәжірибе алмасады. Ал жеке жоғару оқу орындары ұлттық компаниялар, бизнес орындары мен тығыз байланыста болады. Осы орындар ұлттық білім жүйесін дамытуға, студенттердің білім алу сапасын жыл сайын арттыруына көмектеседі.

– Осы жұмысқа орналасуыңызға қандай мүмкіндіктер себеп болды

– Мен ауылда өскен қарапайым қазақтың баласымын. Кезінде Қытайдың ішкі қаласында оқыдым. Әскер қатарында болып, соғыс ұшағын айдау мүмкіндігім де болды. Тіпті, дәрежем өсіп, әскери салада басшылыққа да ұсынылдым. Бірақ соның бәрін тастап, басқа салада оқып, іздендім. Оқыған мамандығым парахот айдау. Арада өзім жеке компания ашып, өзіме жетерліктей ақша тапқан соң, шетелге шығып, білім алдым. Осы барыста өзімнің бизнес саласында жұмыс жасай алатыныма көз жеткізген соң,  шетелдегі бір жоғары оқу орнына түсіп, білім алуды көздедім. Ағылшын тілі деңгейім төмен болғнадықтан, Филиппинге барып, сол жақтан тіл үйрендім. Енді ойлап көрсем, мені жетелеген, маған қанат берген – менің есіл армандарым екен. Дайындығым біткен соң, Париждегі бизнес университетіне оқуға қабылданып, бітірген соң, қазіргі істеп отырған университетке жұмысқа кірдім. Олардың маған қызыққаны менің бірнеше тіл білетінім және өз мамандығыма жетік болғаным. Оның үстіне халықарамен тығыз байланыс жасауға мен оларға керек болдым.

– Париждегі қазақтармен араласып тұрасыз ба?

– Өкініштісі мен Парижде тұрсам да, осындағы қазақтармен көп араласып кетпеймін. Жуықта Париждегі Қазақстан елшілігі наурыз мерекесін тойлайды деп естідім, сол кезде қандастарымның көбімен танысатын шығармын.

– Шетелде білім алудың қандай артықшылықтары бар?

– Сыртқа шықпаған адамдардың көзқарсы бейне құдықтың түбіндегі бақамен бірдей деп айтуға болады. Бұны қазақ «Ұлым жақсы болсын десең, шетке айда» деп баяғыда-ақ айтып кеткен. Қазіргідей дамыған ғасырда шет елдерге шығып, ұқсамаған мәдениеттерді үйреніп, күн сайын жаңа дүниеге көз салу мейлі кімді болсын даму сатысына көтере алады. Қаншама тар шеңберде өмір сүрсек, соншама тар ойлайтын боламыз. Адамға, өмірге, қоғамға деген түсінік те сол шеңбердің аясында айналсоқтайды. Шетелге шығып, өмір сүріп жүргендер өз тілін ұмытады деген көзқараспен келіспеймін. Керісінше, сыртта жүргендер өз тіліне, мәдениетіне адал болады.

– Сіздердің университетке оқуға түсу үшін қандай талаптар бар?

– Біздің университет негізінен басқару мамандығын оқытуды негізге алады. Бірінші диплом, сосын Француз тілін білу негізгі талабы. Ал магиструтураға түсу үшін ағылшын тілін жақсы білуі шарт. Бір қуанышты жағдай, осы ақпан айының аяғында мен өзіміздің университеттің атынан Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қалаласына барып, студент қабылдау жиналысына қатысып, Қазақ еліндегі біздің университтен оқығысы келетін студенттермен бетпе-бет пікір алмасу орайын ие болдым.

Айта кетейін, 22 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында, 23 ақпан күні Алматы қаласында өтеді. Грант алып, оқығысы келетіндер де менімен тіке хабарласып, өз ойларын айтуына әбден болады. Осы жолғы сапарысда Қазақстандағы Франциядан оқығысы келетін студенттерді көптеп кездестіретін шығармын деген үміттемін. 22 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа көшесі № 4 Radisson Astana Hotel қонақүйінде (Сағат 10:00-16:00), Ал Алматы қаласында 23 ақпан күні әл-Фараби даңғылы 77/7, Carlton Almaty Hotel қонақүйінде өтед.

Әңгімелескен Дидар Қайрат

Abai.kz

9 пікір