Жексенбі, 12 Мамыр 2024
46 - сөз 3810 3 пікір 5 Ақпан, 2020 сағат 09:54

Өмірдің өзі...

Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ салтының, әлдеқашан энергетикалық жолға айналып кеткен қазақ ырымының киесі бар. Ойдан шығарып салт жасап, ырымды саудаға салып 70 000-ға тұсау кесіп жүрген жан зауал дегеннің бар екенін ұқпайды-ау... Ол зауалдың өзін емес, ұрпағын соғатынын түсіндіретін оның айналасында жанашыры жоқ немесе ашкөздіктен керең һәм соқыр боп қалған. 70 жыл орыстың боданында қалғанда бұ қазақ салтын саудаға салып, баланың тұсауын артынан немесе үш адамға кескізіп тап бұлай лақпаған еді. Апам айтатын саптыаяққа ас құйып сабына қарауыл қойған заманда өзіндегі барды бағалаған қазақ еркіндік алған азат дәуірде ұлттық құндылығын неге бұлай қорлап жүр? Осыған өзге ұлт кінәлі ме? Жоқ. Өз дәстүріне қиянат жасап жатқан қазақтың өзі ғой.

****
Үйдегі шеше, келген жерінде ене айтар кеңесті, ең алдымен, өз қалтасын қампайтуды көздеген ақыл сатқыштардан түрлі мейрамханада отырып тыңдаса, миына ми қосыла ма, адамдардың ақылы таси ма? Мейлі ғой, қалай, қайда жұмсаймын десе де, әркімнің өз ақшасы. Мұнайлы өлкелерге әншілер де, ақыл сатқыштар әуес. Кілең ақымақ келіндер мен той жасағыш байлар сонда тұрады өйткені. Тағы да мейлі ғой... Бірақ деймін де... Ақшаның соңына түсіп сандалып екіге екіні қосқанда төрт болатынын ақы төлеткізіп айтып жүргендер өзінің баласына ана болып мейірім төкпейтінін неге ұқпайды екен. Әйел болып асүйге кіріп тамақ пісіре ме солар? Пісіре алады-ау, бірақ секектеп мейрамханаларда сабақ өткізуден қолы тимей жүрген жоқ па қасқалардың. 5-6 баланы жеткізген оңай ма, өзгені алдаса да, арбаса да ақша керек... Бұл - менің ойым.

***
Қазір толыққанды адам болуды байлықпен өлшейді. Сенің кісі санатына қосылғаның қыста қар жаумайтын жаққа барып теңіз жағалауында күнге қыздырынумен өлшенеді. Барлықтың шкаласы - Дубай, Египет сияқты елдерді аралап, түйе мініп қайту. Бұған Меккені қосуға болады. Сол себептен де шығар, қандай жолмен болса да байысам, содан кейін тек әлдебір тұрғын үй кешенінде ғана тұрсам немесе пәленнен қалмай қайтсем де пәлен қабатты жекежайда тұруым керек деген түсініктегі адам көбейді. Мейлі ғой, өмірге бір келгенде жақсы өмір сүру керек. Бірақ деймін де... Бірінен-бірі қалмай бай болудың жолында жарысқа түскендерге Жер шарын айналып жүрген басқа планетаның біріне үй салып, сонда тұра алмаған соң бәрі бекер ғой. Соны түсінбей жүргендері болмады. Шетінен ақылды немелер, қала мынау түтінге тұншыққан, өзге планетаның біріне қоныс аудару қалай ойына келмейді? Соған таңғалам...

Айгүл Болатханқызының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1939
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2143
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1775
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533