Жұма, 3 Мамыр 2024
2456 5 пікір 13 Қаңтар, 2020 сағат 10:49

Женевадағы Гүлнара Каримованың вилласынан 70-тен аса өнер туындысы Өзбекстанға қайтарылмақ

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримованың шетелдегі байлығын қайтару бойынша Швейцария, Франция, Ресей, Литва және басқа елдердің тиісті мекемелерімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Осылай деп Өзбекстанның бас прокуратурасы мәлімдеді.

"Швейцарияның федералдық прокуратурасы мен өзбекстандық мамандардың қатысуымен Гүлнара Каримованың Женевадағы вилласында табылған 70-тен астам өнер бұйымының (картиналар, сәулет өнері) Өзбекстанның ұлттық өнеріне тиесілі бар-жоғын анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр", - деп жазылған мекеме мәлімдемесінде.

Осыған дейін Гүлнара Каримованың Өзбекстандағы үйлерінен жалпы құны 12,7 млрд сумға бағаланған өнер бұйымдары табылып, елдің мемлекеттік музейлеріне қайтарылған.

Өткен аптада Өзбекстан Жоғарғы соты 8 қаңтарда Гүлнара Каримованың үстінен жаңа сот процесі басталғанын хабарлаған. Қазір Зангиата ауданындағы әйелдер абақтысында отырған Каримова 255 іске қатысы бар қылмыстық топты басқарған деп айыпталып жатыр. Сот отырысы жабық өтіп жатыр.

2019 жылы желтоқсанда өзбек билігі Каримованың швейцариялық адвокаты Грегуар Манжаның елге кіруіне тыйым салған. Ол осыған дейін Өзбекстан түрмелеріндегі жағдайды сынаған.

Гүлнара Каримоваға 2015 жылы Швецияда, Швейцарияда және АҚШ-та қылмыстық істер қозғалып, ол миллиард доллардай көлеңкелі қаражатты заңдастырды деп айыпталған.

2017 жылы әкесі көз жұмғаннан кейін Каримова Өзбекстанда "Салық төлеуден қашу", "Ақша ұрлау" және "Офшорлық компаниялардың құжаттарын жойып жіберу" баптары бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 802
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 619
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 500
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 512