Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
4030 0 пікір 10 Қаңтар, 2020 сағат 14:14

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты

Кореяда сот 7 жасар баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық азаматқа үкім шығарды.

Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Баланың ата-анасы сотталушыға кешірім жасаған жоқ. Олардың айтуынша, ем-домға 60 миллионнан астам вон жұмсаған, бұл шамамен 50 мың доллар. Сондай-ақ баласына күтім жасау үшін әкесі мен анасы жұмысын тастауға мәжбүр болды.

Еске сала кетсек, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болған еді. Кореяда заңсыз жүрген және көлік жүргізу куәлігі болмаған отандасымыз апат орнынан қашып кетіп, келесі күні елден ұшып кеткен болатын. Оның адвокаты Чой Хак Се шығарылған үкімді әделітсіз деп санайды. Айтуынша, бала жолды рұқсат етілмеген жерден өткені дәлелденді. Сондай-ақ сотталушы көлікті тоқтатып, балаға көмек көрсетіліп жатқанына көзі жеткеннен кейін ғана жүріп кеткен.

Чой Хак Се, сотталушының адвокаты:

– Біз апелляция беріп, жәбірленуші жақпен келісуге ниеттіміз. Бәлкім баланың денсаулығы қалпына келсе, ата-анасы өз шешімін өзгертер. Қорғалушым жәбірленушінің емге жұмсаған шығынын өте алмайды, өйткені бұл өзгені айтпағанда, Корея азаматтары үшін де қомақты қаржы.

Еске салсақ, жол апаты былтыр 16 қыркүйекте болды.  Апатқа кінәлі азамат Оңтүстік Кореяға ерікті түрде оралып, жасаған әрекеті үшін кешірім сұраған еді. Ер кісіні Инчхон әуежайынан полиция өкілері алып кетті. Көлік қағып кеткен баланың әкесі ұлының жағдайы туралы айтып берген болатын.

Дереккөз: 24.kz

Abai.kz

0 пікір