Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Өз сөзі 3794 3 пікір 5 Қаңтар, 2020 сағат 16:35

Жұмасұлтанов: Компания кінәлі деп танылса, жазаны қабылдауға дайынмын!

«Бек Эйр» компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты барлық жауапкершілікті мойнына алуға дайын екенін айтты. Бұл туралы компания басшысы блогер Дмитрий Дубовицкийге берген сұхбатында мәлімдеген.

- Ұшқыш апатты жағдайды түзей алды. Егер апатқа компания кінәлі деп танылса, мен жігіттерімді қолдаусыз қалдырмаймын. Олар үшін өзім отырып шығуға дайынмын. Менің қол астымдағы адамдардың ешбірі бұл үшін түрмеге отырмайды.

Біз марқұм ұшқышты кінәламаймыз. Өйткені мен оның сауатты басқарғанын көріп отырмын. Сондықтан оның басшыларына, ұшқышқа, инженерлік қызметке де кінә артпаймын. Егер бұл апатқа Бек Эйрден біреуді жазалау керек десе, мен жазаны қабылдауға дайынмын. Сондықтан түрмеге басқаны емес, мені отырғызыңыздар! Мен оған дайынмын, - деді Нұрлан Жұмасұлтанов.

Айта кетейік, 27-желтоқсан күні Алматы маңындағы Гүлдала ауылының іргесінде «Бек Эйр» компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ресми мәлімет бойынша, 12 адам қаза тапты. 40-қа жуығы жарақат алып, ауруханаларға жеткізілген. Қазақстан Президентінің шешімімен 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұру күні деп жарияланды.

;feature=youtu.be

Abai.kz

3 пікір