Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2672 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 02:54

Серік Ерғали, саясаттанушы. Көсеге бүйтсе көгерер

Аталмыш мақала  1992 жылы "Ақтөбе" газетінде жарияланған "Көсеге қайтсе көгерер?" атты мақаланың жалғасы ретінде 1994 жылы жазылып, Қазақстан президентіне, сол кездегі бас министр Ә. Қажыгелдинмен оның орынбасары Н.Шәйкеновке жөнелтілгенмен, басылым беттерінде жарық көрмеген. Мақаланың бұдан сегіз жылға жуық бұрын 1994 жылы жазылғанына қарамастан, елдің дамуы соншалықты ілгері кете қоймағандықтан, нақты мәселелерді шешуге ұсынылған ұсыныстар әлі де өз мәнін жоя қойған жоқ.

Десек те, материалдағы кейбір жайттар бүгінгі адамға түсініксіз болуы мүмкін, бұл қанша дегенмен жиырма жылға жуық уақыт бұрынғы ел ахуалын ескеріп жазылған дүние екені белгілі.Өйткені, бұл еңбек жазылған уақыт - мемлекетті құру мен қалыптастыру  турасындағы үлкен ізденістер кезеңі болатын.Мәселен, елдің демографиялық жағдайы мен аумағының арақатысын есркере келгенде, әкімшілік-аумақтық бөліністі қайта қарау әлі де күн тәртібінен түспеген тақырып.Алайда, мақалада көтерілген кейбір мәселе бүгінгі күн тұрғысынан ескіргендігін де жоққа шығаруға болмайды.

Сонымен бірге, аталмыш еңбекте айтылған көптеген ұсыныстар кезінде мемлекеттік шешім қабылдауға өз ықпалын тигізгендігін көзі қарақты оқырман ел тарихын  ойша шола отырып және жарияланып отырған мақалаға зер сала отырып көзін жеткізер деген ойдамыз.Материал мемлекетшіл оқырманға арналған.

Аталмыш мақала  1992 жылы "Ақтөбе" газетінде жарияланған "Көсеге қайтсе көгерер?" атты мақаланың жалғасы ретінде 1994 жылы жазылып, Қазақстан президентіне, сол кездегі бас министр Ә. Қажыгелдинмен оның орынбасары Н.Шәйкеновке жөнелтілгенмен, басылым беттерінде жарық көрмеген. Мақаланың бұдан сегіз жылға жуық бұрын 1994 жылы жазылғанына қарамастан, елдің дамуы соншалықты ілгері кете қоймағандықтан, нақты мәселелерді шешуге ұсынылған ұсыныстар әлі де өз мәнін жоя қойған жоқ.

Десек те, материалдағы кейбір жайттар бүгінгі адамға түсініксіз болуы мүмкін, бұл қанша дегенмен жиырма жылға жуық уақыт бұрынғы ел ахуалын ескеріп жазылған дүние екені белгілі.Өйткені, бұл еңбек жазылған уақыт - мемлекетті құру мен қалыптастыру  турасындағы үлкен ізденістер кезеңі болатын.Мәселен, елдің демографиялық жағдайы мен аумағының арақатысын есркере келгенде, әкімшілік-аумақтық бөліністі қайта қарау әлі де күн тәртібінен түспеген тақырып.Алайда, мақалада көтерілген кейбір мәселе бүгінгі күн тұрғысынан ескіргендігін де жоққа шығаруға болмайды.

Сонымен бірге, аталмыш еңбекте айтылған көптеген ұсыныстар кезінде мемлекеттік шешім қабылдауға өз ықпалын тигізгендігін көзі қарақты оқырман ел тарихын  ойша шола отырып және жарияланып отырған мақалаға зер сала отырып көзін жеткізер деген ойдамыз.Материал мемлекетшіл оқырманға арналған.

«Абай-ақпарат»

 

Аңдату

"Қайта  құру"  ұранымен  басталған  кеңестік жүйені дамыту  идеясы  он  жылға  созылып, ақыры сол жүйенің  ыдырауымен  аяқталып  отыр. "Одақтың" ыдырау  нәтижесі  Евразия құрлығында  жаңа  мемлекеттердің  бой көтеріп, олардың жаңа   қоғам    құруға итермеледі. Аталмыш  он  жыл  кеңестік  менталитеттің сарсаңға  түсе  ыдырап, жаңа  психология мен жаңа  көзқарасқа негізделген  жаңа  әрекет  қана  жаңа  қоғам   тудыратынын  мойындатуда. Сонымен, келмеске  кеткен  кеңесшілдік  жойылғанымен, алдымыздан  жаңа  қоғам   құрудың  объективті  жағдайы  біз  күткендей  құшағын  жаймады. Осылайша, егемендік  елесті қуғызған  он жылдың  қалай  өткенін де  байқамай  қалыпыз.

Егемендік  дегеніміз  -  жаңа  қоғам  құру  екен. Ал, біз  оның  үстіне  жаңа  формациялы қоғамды  қолға  алудамыз. Жаңаны  құру  үшін  ескінің  жойылуы  заңды  болса,  сол ескінің  ыдырауына  "еңбек  еткен"  он жыл бос  кетті  деуге  негіз  жоқ. Бұл  мерзім  ескі  жүйені  жоюға  жұмсалған  болып  шықты. Демек, қазіргі  экономикалық   божырау  мен әлеуметтік әлсіздік -  қалай  ойлағанда да объективтік  жайт.Ендеше, қазақтың  "өткен іске  өкінбе"  деуі  "объективтілікті  мойындап, бұдан  былай  субъективтік  әрекетті  талап  ететін  заманға   дайын бол"  дегені екен.

Қазіргі,  ырықты  экономиканы  өз еркіне  көндіріп, дамыған ел  атанған  мемлекеттердің  тарихы мен  тәжірибесін  саралай  келгенде,  ырықты  экономиканың   негізін   салған  қос  факторға назарымыз ауды:

1. Үйлестіру  факторы -  елдің  бар  мүмкіндігін  экономиканың  өрістеуіне  тиімді  де  интенсивті  түрде үйлестіре білетін  өкімет (демократиялық  па,  тоталитарлы  ма, авторитарлы ма - бәрібір);

2. Үйлесім  факторы -  ырықты  экономикалық  қатынасқа психологиялық,  дағдылық  және  менталитеттік  жағынан дайындығы  бар халық.

Сөйтіп, жаңа  экономика  үшін  ең  бастысы: елдің  сауаттылығы,  жердің  байлығы емес, шетелдің  қаражаты да, тәжірибесі де емес, ең  әуелі  экономикалық  өскіннің  бүр  жаруы  үшін  төл топырақ  болып табылатын  халықтың  басқа  ештеңеге алаңдамай, меншік  қаржысы болуға дайындығы  мен  өкіметтің  ырықты экономиканы меңгере  алатындай  қабілетті  болуы. Ал, қалғанының  барлығы  жолайы  пайда  болып, нәтижесін  жолшыбай  қосатын  қосымша  факторлар. Өзгенің, басқа  елдің  ақылына  зәру  емес  өкімет  қана алаңсыз, өз  елінің  потенциалына  сүйеніп,  сыртқы  әлеуетті  тарта  алады. Өйтпегенде,  өкімет  өзге  елдің түрлі шараларын өз елінің  потенциалы мен жағдайын  ескермей  енгізумен  әуре  болып, басқарылу объектісін  божыратып,  басқару  субъектісін  құрай алмайды. Әр елдің  өз "ғажайыбы"  өзінің  ішкі  мүмкіндігіне  барынша  негізделіп,  сыртқа  жағдайға  бейімделе  алғанда  ғана  пайда болады.

Басты  фактор  ретінде аталып жүрген  шетел  инвестициясын  жеткілікті  түрде  тарту  соншалықты  қиын  емес,  егер  де  батыл да нақты заңдар  қорын  қабылдайтын Парламент қабілетті  болса;  Үкімет  жағдайды  өндірімпаздық  бағытқа  бұрса; коррупция  соншалықты  қатерге  айналмас  еді, егер  де  сот  органының  құрылымы  мен  қауқары әділдік  жолында  қатал  құқықтық  сипатқа  ие  болса. Сөйтіп, өкіметтің  үш  бұтағы  бір  бірімен  ит- ырқылжың  қатынастан  гөрі, бірін бірі  толықтыру  қатынасына  көшіп, біртұтас  өкімет  құрап,  үйлестіру  факторын  негіздегенде  ғана  соны  асу  алынар. Ал,  басқаша  жағдайда  қоғам  қажетті  уақытын  қажетсіз  сергелдеңге   сарп  етеді.

Сондай-ақ, қожалық  психологияны  бойына дарытып  үлгермеген  халық  ырықты  экономиканың  үйлесім  факторын  құрай  алмайды. Сондықтан   жекешелендіру  саясаты  халық  қаншалықты  қожалық  қасиетке  ие  болуына  сай  жүргізілу  қажет еді. Егер  жекешелендіру  қоғамдағы  қожайындық  сипаттан  кешіксе, немесе  озып  кетсе, ол  процесс  белгілі  бір  теріс  нәтижеге  тіреледі.

Алайда,  үйлестіру  факторы  үйлесім факторының  қалыптасуын  жетелеп, оның  өздігінен  қалыптасуын  күтіп, босқа  уақыт  өткізбегені  абзал. Айталық,  қаладан  гөрі  ауылда  әлі  күнге  қожайындық  мінез  толық  қалыптасқан жоқ  және бұған өкімет  тарапынан қажетті  жағдай,  үгіт, насихат  жеткілікті де, көрнекті  де емес.

Сонымен, сайып  келгенде  елдегі  жаңа экономикалық қатынас  үйлестіру  мен үйлесім  факторларының орнығып, олардың  бір біріне  қатынасының  әділдік, құқықтық  сипатының  қалыптасуына  көрініс  табады да,  басқа  жағдайдың  барлығы  осы  көріністің  қажеттілігінен туындап, реттеліп  отырады. Өйткені, үйлесім  факторы  болып  табылатын  халық  сонымен  бірге  ырықты  экономиканың  басты  объектісі  де, ол  үйлестіру  факторы  болып  саналатын өкімет, сонымен қатар ырықты  экономиканың басты субъектісі ғой.

Құрғалы отырған  қоғамның  құқыққа  негізделген  демократиялық қоғам  болғандықтан, оған  сәйкес  әділетті әрекет  пен  жаңа құрылым  жасамай, нәтижеге  жету  мүмкін  емес  екенін  ескеретін уақыт  жетті.

Жоғарыда  аталған  жайтты  қалыптастырып, дамуын  жеделдететін  шаралар  ұсына  отырып,  бұлардың  жүзеге асу жолдары  мен  аргументін  көпшіліктің  өз  талқысына  қалдыруды  жөн  көрдік.

 

Жоғарғы  Кеңес

Маркстік - Лениндік  ілім  Кеңестік  жүйенің  арқауы  болса, демократиялық қоғамның  арқауы -  адам  мен қоғамның  бір біріне  қатынасын  міндет  пен  құқыққа негіздеген  заңдар. Ал, демократиялық  қоғамның бар болмысы  мен  бітімін  әйгілейтін  айнасы  -  ЖК (Жоғарғы Кеңес). Сол себепті  ЖК  қаншалықты  ұжым  ретінде  қалыптасса,  соншалықты  оның  демократиялық орган  болғаны, соншалықты заңшығарыс  ісіне  қабылетті  болғаны. ЖК  қоғамға  ең  алдымен  заң  шығарумен  еңбек сіңіріп,  ықпал етеді.

ЖК - тің кемелденуіне  тілектес  бола  отырып, мындай  ұсыныс:

- екі   жарым  жылға дейін ЖК  депутаттары  сайлаушылар  алдындағы  есепті, 3-5 депутаттан  құралған топпен өздері  сайланған  округпен  шектелмей, жалпылама ел  аралаумен алмастыру; ел  аралау  қабылданған заңдар мен нормативтік  актылардың  өміршеңдігі  мен іске  асырылуын  тексеруге, экономика  мен  әлеуметтік  жағдайдың  кері  кету  себептерін  іздеуге  негізделу  қажет;

- әрбір  депутаттың  заңжобаны  дайындауға  қатысы  туралы  сайлаушыларға  тұрақты  түрде  мәлімет  беру;

- әрбір  депутаттың  мәжіліске  қатысымы  туралы  мәліметті  тұрақты түрде  жариялау;

- әрбір  депутаттың  өз ғұмырына  творчествалық  салаға  қаншалықты  қатысы  барлығы  туралы  мәлімет  жариялап  тұру;

-  қабылданған  заңжоба  авторларының  еңбегін  ақылау  және  заңжоба  жасаудағы бәсекелестік  туғызу  жолында  Үкіметпен  бірлескен  заңшығарыс  қорын ұйымдастыру.

 

Сот

Өкіметтің Сот   билігін  жаңа  жағдайға  бейімдеу  оның  қазіргі  "үшбасты"  сипатын  біртұтастандырумен  байланысты. Біртұтас  биліктің  бір бірімен  байланыссыз  мемлекеттік  үш органға  жіктелуі басқа дәйекті  былай   қойғанда  ақылға  сыймайды.

Нақты  түрде Сот  құрылымы  туралы  мынадай  ұсыныс: Конституциялық  және  Жоғарғы Сот  пен төрелік(арбитрлық)  соттарды   біріктіріп,  бір  ғана  Ұлттық  Сот құру  қажет; Ұлттық  Сот  жоғарғы  және төменгі коллегиядан  тұрады.

Жоғарғы  коллегия  Конституция  және  мемлекеттік  деңгейлі сипаттағы  соттық  істі қарайды, ал Ұлттық Соттың  төменгі  коллегиясы  шаруашылық  және  жоғарғы  коллегия  қарауына    енбейтін соттық  істерді  қарайды. Жоғарғы  коллегия  9  адамнан:  төртеуін  Жоғарғы  Кеңес, төртеуін  Президент  тағайындайды  да,  төрағаны  Президент  ұсынуымен  Жоғары  Кеңес  бекітеді. Ал, төменгі  коллегия  құрамын  түгелдей  Президент  тағайындайды.

Жергілікті  соттар  да  екі  коллегиядан:  азаматтық іс  жөніндегі  және  шаруашылық  сот  коллегияларынан тұрады. Жергілікті  судьяларды  Президент  ғұмырбойы  мерзімге тағайындап, ал  төрағаларды (бұл жерде аудандық соттар жөнінде) маслихаттың  ұсынысымен Президент бекітеді.

 

Әкімшілік  -  аумақтық  бөлініс

Қазақстанның әкімшілік - аумақтық бөлінісі (ӘБ) жаңа формацияға орай, ырықты экономикалық қатынастың сипаты, демографиялық ахуал мен аумақтық мүмкіндігі   ескеріле отырып, қайта құрылуы қажет. Нақтылай айтқанда, ӘБ қазіргі облыстық звеноның жойылып, делдал әкімшілік бөліністі уақыт талабына сай мемлекеттік органдармен алмастыру арқылы басы артық әкімшіл - әміршіл жүйенің түбірімен аластауына батыл әрекет жасалғаны жөн. Республиканың аумағы 200 ауданға бөлініп, әр аудан муниципиалдық мүдде мен мемлекеттік төменгі ауқымдағы мүдденің объектісі болады. Аудандар экономикалық  қауқарына орай шартты түрде;

- индустриялы (ИА);

-агросекторлы (АСА);

-аралас (АА) болып жіктеледі.

ИА - ды  ірі қала, оған таяу поселкелер, селолар мен ауылдар аумағы құрайды, ал АА - ды оның экономикалық қуатын айқындайтын орташа қала мен оған таяу поселкелер, шағын қала, селолар мен ауылдар аумағы біріктіреді. АСА болса, негізгі экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген елді мекендер мен шағын қала, поселкелерден тұрады. Елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бұлайша шартты  жіктелуі мемлекет тарапынан олардың ерекшелігіне орай дифференциалды дамыту мен олардың бір бірімен интеграциялау мүддесін  көздеуді талап етеді. Бұл үшін әр аймаққа орналасқан  шамамен 40 аудандық экономикалық - әлеуметтік және мемлекеттік атқару билігінің әкімшілік арқылы баянды болуын ұйымдастырып және үйлестіріп, атқаруын бақылайтын аймақтық министрліктер сәйкес аймаққа орналасуы  қажет  болады. Сонымен ел аумағы шартты түрде бес аймаққа: шығыс,батыс,түстік, терістік және орталық болып бөлінеді. Алайда, бұл аймақтар әкімшілік - аумақтық бөлініске жатпайды, себебі, аймақ бойынша өкіметтің өзге биліктері (мәслихат, сот) органдарын құрмайды. Сөйтіп, мемлекеттік  өкімет  қазіргідей  3 сөрелі (ярусты) емес 2 сөрелі болып нығаяды: жоғарғы және төменгі. Сот билігін алсақ - Ұлттық Сот және аудандық сот, өкілдік билік - Жоғарғы Кеңес (Мәжіліс) және аудандық (ауылдық, қалалық, поселкелік)  мәслихаттар, ал атқару билігі - Президент пен Үкімет және аудандық (ауылдық қалалық, поселкелік) әкімшіліктер. Атқару билігінің қызметін нақтылайтын болсақ; Министрлер кабинеті Президент белгілеген міндеттің стратегиялық және тактикалық шешімін анықтап, іске асу жолдарын  нақтылайды; Аймақтық министрлік шешімді іске асыруды  аймақ бойынша ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, ал аудандық әкімшіліктер  шешімді іске  асыруды атқарады. Аудандық әкімшіліктер  мұнан басқа муниципалдық мүліктерге қожалық етіп, муниципалдық органдарды басқарады. Жергілікті өкіметтің атқару саласы бойынша сәйкес түрде ауыл, поселке меңгерушілері мен қала әмірлері (мэр) аудан әкімінің ұсынуы арқылы  мәслихаттарда сайланады. Ал, аудан әкімі тиісінше Президент ұсынысымен аудандық мәслихатта сайланады. Сонымен бірге әрбір ауылда, поселкеде және қала бөліктерінде (микроаудан) ақсақалдар алқасын құрып, оған заңды түрде мынадай функция ұсынуға болады:

-  зейнеткерлер, көпбалалылар мен жалғызбастылар мәселелерін  шешуге қатысу;

-  моралдық - рухани ақсақалдық сот ұйымдастыру;

-  сәйкес  аумақ  бойынша балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне араласу т.б.

Әрбір аудан муниципалдық деңгейдегі дербестікке ие болып, өзін өзі басқарады, соған орай әр ауданның  қажеті мен  мүмкіндігіне сәйкес мәдениет, білім, денсаулық, тәртіп қорғау және  коммуналдық т.б. сала  бойынша  меншігі  болуы керек.

Аудандық бюджет жергілікті салықтан құралады, ол жетпеген жағдайда аймақтық министрлік  құзырымен дотация көлемі  анықталып, мемлекеттік  бюджеттен  толықтырылады.

Сөйтіп, әкімшілік өз құзыры, белгілі бір мөлшерде өз қаражаты, мүлкі арқылы жергілікті мәселелерді шешумен өзін өзі басқарудың толыққанды бірлігі болады, сондай-ақ, Үкіметтің вертикал бағыныстағы төменгі звеносы ретінде мемлекеттік орган болып табылады..

Мемлекеттік бағыныстағы шаруашылық субъектілерінің қызметін өзіне тиісті аймақ мүддесінің  экономикалық, әлеуметтік және басқа салалары бойынша белгіленген мақсатқа  жұмылдыра отырып, сәйкес Аймақтық министрлік сол аймақтағы жойылған облыстық әкімшіліктердің саяси, экономикалық, меншіктік, құрылымдық мұрагері болып табылады. Бұл құрылымның ісі мығым болуы үшін Министрлер кабинеті жөніндегі заңда арнайы бір тарау  Аймақтық Министрлік жөнінде болып, ал Министрдің Үкіметке мүше болуы  қажет болмақ.

Әкімшілік - аумақтық бөліністің бұлайша  әлпеттенуі әр сала  бойынша бұрынғы жергілікті  мекеме, органдардың аудандық және жалпымемлекеттік  болып, функциялық және бағыныс  жағынан, қаржылай, мүліктей  қамту жағынан  жіктелуіне тура келеді. Айталық, бұрынғы облыстық Ішкі Істер басқармалары  біріктіріліп, өз  аймақтары  бойынша  бір  басқарма  құрайды, яғни 19 - дың орнына 5 басқарма  құрылады, ал аудандық бөлімдер аудан көлеміне орай іріленіп, оның  функциясы, әкімшілікпен ара қатысы тиісті заңда көрсетіліп, кадр, қаржы, мүлік, меншік жағынан  түгелімен  жалпымемлекеттік   бағынысқа  түседі. Ал, муниципалдық өкімет қарауына  учаскелік милиционерлер тобы мен бюджет шамасына  қарай өзге де бөлімшелер болуы мүмкін. Сонымен, жойылған 19   облыстық және 20 - дан  аса аудандық әкімшілікке тиесілі мүліктер мен үнемделген бюджеттік  қаржыны былай жұмсауға болады:

-Жаңадан  жасақталған (іріленген) аудандардың қажетін толықтыру;

-құрылған бес Аймақтық Министрліктің қажетін қанағаттандыру;

-қалған мүлік пен қаржының ақшаға  шаққандағы мөлшерінің жартысын беске бөліп, әр аймақты дамыту қорын (АДҚ) құруға бөлу, ал қалған жартысын астананы  көшіру қорын құруға қосу.

АДҚ  Аймақтық министрлік құзырында болып, ол Қазақстанды өркендету банкасының қызметінен тыс саланы қамтуға  бағытталуы    тиіс.

Сондай-ақ, әрбір аймақ бойынша Президенттің ресми өкілді органы құрылғаны да жөн болар еді.

Сайып келгенде, елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісін бұлайша "ойсырата" өзгертуге ырықты экономикалы демократиялық қоғам  жағдайында тиімді де қауқарлы және арзан басқару тетігін құрауға итермелейтініне көп ұзамай-ақ көз  жетеді. Ал, қазіргі  бөліністің соншалықты оралымсыз да икемсіз әрі қымбат екенін, 22 млн-дық халқы бар Өзбекстанда 13 облыс екенін, ал 17 млн-дық Мәскеу облысы  мен өзімізді салыстыру арқылы көз  жетеді. Ырықты экономика жағдайында мемлекет басқару органының көлемі оның демографиялық және аумақтық (территория) сипатына   байланысты  болатынын  ескеру ләзім.

 

ИДЕОЛОГИЯ

Біздің елдің қазіргі  жағдайына  жаңа  формацияның принциптері мен елдік менталитетке негізделген жаңа идеологияны біртұтас идеологиялық органмен нақты жүзеге асырған жөн. Бұл орган Президент аппараты жанындағы экспертті-идеологиялық орталық болып, оның әр аймақ бойынша Президент өкіліне қарайтын бөлімшелері болса.

Идеология үш салаға: құқықтық, ырықты экономикалық және азаматтық идеология болып бөлінуі тиіс.

Әр қызметкері әрі сарапшы, әрі идеолог болуға тиіс.

Сараптамалы - идеологиялық орталыққа (СИО) қойылатын талап азаматтардың құқықтық мүмкіндігін білуге, мемлекет алдындағы міндеттерін сезінуге, оларға жаңа  экономикалық қатынастың  қыр - сырын  танытуға, жалпы - адамзаттық ынтымақ пен әдеп жолдарын насихаттап, қазақстандық біртұтас мәдениет құруға жұмылдырумен бірге, қазақстандықтарды патриоттыққа бағыттап, қоғамдық, құқықтық, экономикалық, азаматтық салаларға сергек көзқараспен, сарапшылық деңгеймен баға беріп отыру, Үкімет жұмысына ішкі саясат саласы тұрғысынан баға мен бағыт сілтеуге негізделуі қажет.

 

ЖЕР РЕФОРМАСЫ

Бұл реформа жерге меншікті сипат берумен ғана жүзеге аспақ. Ол үшін Қазақстанның барлық жер көлемін Жалпы мемлекеттік жер қоры (ЖЖҚ) және меншіктелетін жер көлемі (МЖК) ретінде екі бөліп қарастыру қажет. МЖК - не жекешеленген және оған  жататын барлық объектілердің жер алаңы, жеке меншіктегі үй, саяжай, гараж, түрлі меншіктегі шаруашылық, өндіріс  орналасқан жер алаңдарының көлемі жатады да, ал  ЖЖҚ - ға қалған жер көлемінің барлығы тиісті болады.ЖЖҚ мемлекеттік стратегиялық жер қоры  болып  табылып, қажетке қарай оның белгілі бір бөлігі сатылып отыруы мүмкін.

МЖҚ жерді реформалаудың бірден бір  объектісі болып табылады. Жерді реформалау үшін  МЖҚ - ның нақты сандық шамасы анықталады. Әрбір жан басына тиісті жер көлемін (ЖТК) жекешелендіру арқылы сайып келгенде реформа жүзеге аспақ. МЖК сандық шамасын Қазақстан халқының саны (ХС) мен шетелдік қазақ диаспоры санының (ДС) қосындысына бөлу арқылы ЖТК анықталады: ЖТК = МЖК: (ХС+ДС).

Жерді жекешелендіру екі тәсілдің қабат  жүргізілуі арқылы жүзеге асады. Алдымен жеке қожалығы (үй, саяжай, гараж, фермерлік шаруашылығы) бар адамдарға (жанұя) ЖТК - нен аспайтын жер алаңдарының  жалпы көлемі құжаттанады, әр объект орналасқан жер алаңына сәйкес Жер куәлігі беріледі де, құжаттанған жер көлемі ЖТК - ге  жетпеген жағдайда қалған  бөлігінің сандық шамасы көрсетілген жер купондары (ЖК) беріледі. Ал, иелігінде ешқандай жер көлемін қажет ететін объектісі жоқ адам (жанұя) түгелдей ЖТК шамасы бар ЖК иеленеді. Қолданыстағы жер көлемі ЖТК - нен асып кетсе, ол адам (жанұя) жер көлемінің ЖТК - нен асқан шамасына сәйкес ЖК сатып алу арқылы қалған жер алаңын өз иелігіне көшіріп құжаттайды.

Таратылған ЖК жер алаңын алуға немесе құнды қағаз ретінде сатылуға мүмкіндігі болмақ, сондай-ақ, оларды инвестициялық жекешелендіру  қорларына (ИЖҚ) өткізу арқылы акцияға ие болуға жағдай туғызылуы қажет.

Жер алаңы мен ЖК сату және сатып алу процесі арнайы құрылған Жылжусыз мүлік (недвижимость) биржасы (ЖМБ) арқылы жүреді. ЖК- ын  қабылдаған ИЖҚ оны жекешелендіру  купоны тәрізді жекешеленген не соған тиісті объектілердің жер алаңын сатып алуға жұмсайды да, ЖК қожайындары сол объектінің акционері болып тіркеледі.

ЖМБ - ның  бақылау пакетіне мемлекет атынан ие болатын Жер қатынасы және оны  реформалау (ЖҚРК) комитеті мен Құрылыс министрлігі жарғылық қордың кемінде 25% - тін жасақтап, қалғаны түрлі меншікті субъектілер құрайды. ЖМБ ЖК - ның  номиналы мен сатысқа түскен  жердің 1 шаршы метрінің орта нарқын айқындауға және жердің талан - таражға түспеуі мен заңсыздық объектісіне  айналмауына, сондай-ақ түрлі қағазбастылық пен кедергілерді аластауға үлес қосуы қажет. ЖМБ  өз мндетін әр аймақтағы филиалы арқылы атқармақ.

Жер реформасы кезінде мыналарға көңіл бөлуге тура келеді:

- ЖҚРК -ның талапқа сай қайта құрылуы;

-  ЖК - ның азаматтық куәлігі барлар мен олардың жанұясына және қазақ диаспорасының Қазақстандағы өкілдері мен жанұяларына берілуі, әр шетелдік қазаққа тиесілі ЖК- не  сәйкес жер көлемінің сақтаулы болуы;

-  ЖК - ны сату  мен сатып алу, оны құнды қағазға айырбастау ЖМБ арқылы жүзеге асуы;

-  Жер алаңының шетелдік (азаматтарға емес) инвесторларға ғана шектеулі көлемде сатылуы;

-  Жер алаңының шетел азаматтарына (қазақ диаспорасы мен  Қазақстан азаматынан басқа)  сатылуын  болдырмау;

-  шетелдік инвесторларға жер алаңының кепіл ретінде тіркелуі арнайы комиссияның  шешімімен ғана жүзеге  асуы;

-  жекеменшік жер алаңының  интенсивті түрде және  кесірсіз, зиянсыз пайдалануын тұрақты назарда ұстау;

-  жер  алаңына қожалық куәлігі Азаматтық куәлігі(төлқұжаты) бар адамға ғана тіркелуі;

-  ЖК - на құнды қағаз түрлеріне  салынатын  салықтың таралуы;

- жекешеленген жер алаңына арнайы жер салығының  салынуы;

- мемлекеттің стратегиялық мүддесіне қатысты жер алаңдарының алдын ала  айқындалып, жекешелендіру процесі басталмастан оның жалпы мемлекеттік  меншік  ретінде  жариялануы;

- жер қойнауының мемлекеттік меншік екендігі.

«Абай-ақпарат»

(Жалғасы бар)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 274
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 137
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 115