Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4380 1 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 12:47

Филармония әртісі Нью-Йорк көшелерінде күй шертті

Нұр-Сұлтан әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының хабарлауынша, Айбек Әрімбек Нью-Йорк көшелерінде Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындаған.

"Қорқыт" дәстүрлі музыка тобының Халықаралық "Қазақстан әлемдік фотографтар көзімен" атты Халықаралық көрмеге барған уақытында әртістер Нью-Йорк көшелерінде тікелей импровизацияланған музыкалық экспромт жасауды шешті",- деді филармонияда.

Ал әртістің өзі көпшіліктің домбыра үніне қызығушылық танытқанын айтады.

"Біздің ұлттық аспабымыз домбыра әйгілі "Times Square" алаңында күмбірлегенін қаладым. Өтіп бара жатқан адам музыканың ерекше үніне таң қалып, видеоға түсіріп жатты. Олар біздің қай мемлекеттен келгенімізді сұрап, домбыраға қызықты. Мен Қазақстан мен оның музыкасы, осындай рухани байлығы үшін қатты мақтандым",- деді Айбек Әрімбек.

;feature=youtu.be

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 861
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 716
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 559