Сенбі, 4 Мамыр 2024
4218 1 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 11:34

Ұшақ апатынан Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы қаза тапты

Бек Эйр апатында Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Есімханұлы Қайдаров қаза тапты. Бұл ақпаратты оғамдық бірлестіктің мүшесі Махмұт Телегусов растады.

Қайдаров Рүстем Есімханұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері. Ол 1940 жылы 18 мамырда Семей облысында дүниеге келген. ҚазМУ заң факультетінде оқыған.

Рүстем Есімханұлы осы жылдар ішінде тергеуші, полиция бастығы, орынбасары, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Екі ұлы, үш немересі бар.

Айта кетейік, 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, кінәлілер жазаланатынын мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1177
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1076
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 811
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 942