Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2625 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 10:03

«АлматыЭнергоСбыт» алматылықтарға қуат үнемдеудің символын ойлап табуды ұсынды

Алматы. 2 қырқүйек. ҚазТАГ - Алматыда қуат үнемдеу символын ойлап табуға интернет-конкурс басталды, деп хабарлайды жұма күні «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының баспасөз орталығы.

«Біз мұндай конкурсты алғаш рет өткізіп отырған жоқпыз, қуат үнемдеу мәселелері ойландыратын адамдардың саны артып келе жатқанын байқадық. Бұл қуантатыны сөзсіз, өйткені бәріміз де қуат ресурстарына ұқыпты қарап, электр қуатын ақылмен пайдалану керегін ұмытпауға тиіспіз», - деп мәлім етті компанияның директоры Михаил Гамбургер, оның сөзі ақпаратта келтіріліп отыр.

Компанияның хабарлауынша, «Қуат үнемдеу - болашаққа салынған инвестиция» байқауына кәсіпқойлар да, мектеп оқушылары да қатыса алады.

Жолданған жұмыстар үш номинация бойынша бағаланады: «Қуат үнемдеу символының үздік бейнесі», «Қуат үнемдеу символының ең айрықша бейнесі» және «Көрермендер көзайымы жүлдесі».

«Тиісті үкімет құрылымдарының өкілдерінен, кәсіби дизайнерлік және жарнамалық компаниялардың мамандарынан, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың өкілдерінен, БАҚ, ҮЕҰ, қуат үнемдегіш өнімдерді шығаратын компаниялардың өкілдерінен тұратын қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпазды анықтайды. (...) Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі», - деп хабарлайды «АлматыЭнергоСбыт».

Конкурстық жұмыстар 31 қазанға дейін қабылданып, 11 қарашада атап өтілетін Халықаралық қуат үнемдеу күні қорытындысы шығарылады.

Конкурс «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Алматы әкімдігінің және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен өткізіледі және халық арасында қуат үнемдеу идеяларын насихаттауға бағытталған.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы. 2006 жылы қуатпен қамтамасыз етугі ұйым ретінде құрылған, Алматы қаласы мен Алматы облысының 2,3 миллион халқы мен 23 мыңнан аса кәсіпорнын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 2009 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік халықаралық сертификатын алды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 588
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 320
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 336
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 340