Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2600 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 10:02

Аймақтарда 2012 жылдан бастап салық органдарының саны қысқартылады – Ерғожин (толықтыру)

Алматы. 2 қырқүйек. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Салық жүйесін реформалау аясында 2012 жылдан бастап аймақтардағы салық құрылымдарын қысқарту жоспарланған, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.

«2011 жылы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп салық қызметін модернизациялау бағдарламаларын жүзеге асыруды қолға алғанымыз белгілі. Ол қазір қызу жүзеге асырылып жатыр, Дүниежүзілік банкпен қажет теоретикалық құжаттардың бәрін бекіттік. Келесі жылы оны мықтап қолға алып, жүзеге асыра бастаймыз», - деді ол жұма күні «Халықаралық салық салу Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру факторы ретінде» деген тақырыптағы конференцияда.

«Біз шетелдік сарапшыларымызбен салық органдарын қысқарту бойынша белгілі бір бағыттарды пысықтап үлгердік. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 220-дан аса кеңсеміз бар. Біз белгілі бір санын қысқартып, кейбір облыстарда аймақаралық кеңселер ашуды көздеп отырмыз», - деді ол.

Ол халықаралық бизнес көп шоғырланған және мұнай-газ секторына қызмет көрсететін шетелдік компаниялар бар Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты өңірлерде «сандық құрам» керісінше «күшейтіледі», ал «білікті персонал халықаралық салық салумен айналысатын болады» деді.

«Біз басқа облыстардағы басқа құрылымдарды қысқарту есебінен жалақыны көтеріп, жұмысқа даярлықтан өткен қызметкерлерді шақырамыз», - деп қорытындылады Д.Ерғожин.

Салық комитетінің төрағасы жалпы Қазақстан бойынша аймақтық құрылымдардың «20-дан 30%-ына» дейінгі бөлігін қысқарту жоспарланып отырғанын жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 619
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 368
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 362
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 367