Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Интернет конференция 5098 29 пікір 25 Қараша, 2019 сағат 13:41

«Абайдың» қонағы - Мұрат Бақтиярұлы

Тәуелсіздіктің 28 жылында елімізде тек екі заң ғана қазақ тілінде дайындалған екен. Ал, қалғаны тек қана орыс тілінде дайындалған. Бұл туралы 22 қараша күні жаздық

Қазақ тіліндегі қос заң қайсы десеңіздер, міне: Біріншісі - Әкім Ысқақтың ықпалымен әзірленген «Көші-қон туралы» заң болса, екіншісі -  Фариза Оңғарсынованың бастамасымен дайындалған «Бала құқықтары жөніндегі» заң.

Заңды қазақ тілінде жазу туралы айтқан Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы бастама көтеріп, Елордада жиын өткізген. Оған ғалымдар мен заң шығарушы орган өкілдері қатысып, аталмыш саладағы қазақ тілінің хал-жайын талқылаған.

Осының алдында «Abai.kz» ақпараттық порталында сенатордың «Заң әуелі мемлекеттік тілде жазылуы керек» атты мақаласы жария болған.

Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның келесі тақырыбы - заңның мемлекеттік тілде жазылуы мәселесіне арналмақ.

Соның ішінде, Елордада өткен жиында айтылған мәселелер мен елішілік қоғамдық-саяси оқиғалар және т.б. тақырыптар қамтылады.

Осыған байланысты, «Абайдың» осы аптадағы қонағы - сенатор, қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы болмақ.

Спикер Мұрат Бақтиярұлының ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Ескерту! Құрметті оқырман, спикердің жеке басына немесе отбасына соқтығысатын, ар-ұжданына тиетін, боқауыз, бейәдеп сөздер мен сұрақтарға жол берілмейді! 

Қонаққа қояр сауалдарыңыз бен айтар ойларыңыз болса, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

29 пікір