Жұма, 3 Мамыр 2024
4352 0 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 13:03

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің лекция концерті өтеді

2019 жылдың 6 Қарашасында Алматы қаласында – «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің БАҚ өкілдерімен кездесуі және лекция концерті өтеді.

Шығармашылық кездесуде «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшелері топ құрамының өзгеруі жайында айтып, ансамбльдің жаңа мүшесін таныстырып, ашық сұхбат өткізбек.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің және «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының қолдауымен өтетін үлкен жеке концерті туралы хабарламақ.

Кездесу барысында ансамбль қазақ халқының ұлттық саз аспаптарымен таныстырып, өзінің концерттік бағдарламасын ұсынады.

«ТҰРАН» ансамблінің тарихы 2008 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда топ құрамында Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбет, Мақсат Медеубек және Ержігіт Алиев өнер көрсетеді. Ансамбльден бөлек топ мүшелері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарып, аталған оқу орындарында магистратура, докторантура бойынша білім алуда.

Қазақ халқының сыбызғы, сазсырнай, домбыра, қобыз, жетіген, шіңкілдек сияқты саз аспаптарын, көмеймен қайлау ән айту мәнерін өзара үндестіру арқылы  көне сарынның заманауи тұрғыда қайта жаңғыртудағы ізденістері ансамбльдің құрылуына түрткі болды.

Аталған ұжым төрткүл дүние тыңдармандарын өз өнерімен тамсандырып үлгерді. Әлемнің 70 мемлекеттерінің «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди центр» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремль сарайы» (Москва, Ресей), «Конгресс және фестиваль сарайы» (Канны, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция), және т.б. әлемге аты шулы концерттік залдарда 600 жуық жеке концерттерін өткізіп, ұлттық өнеріміздің насихатталуына, дамуына үлкен үлесін қосуда. «ТҰРАН» ансамблі Беларусь, Норвегия, Ресей, Әзірбайжан, Венгрия, Татарстан, Түркия елдеріне әлемдік турне жасады. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қаржылай қолдауымен «ТҰРАН» тобы Қытай Халық Республикасының Шунде, Шеньчжень, Цинхуандао, Пекин, Шанхай, Ханчжоу қалаларында жеке концерттерін өткізді. Аталған ұжым Монте-Карло, Канны және Париж қалаларына «Ұлы даланың жеті қыры» атты концерттік турне жасап қайтты. Сондай-ақ Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен «Nomad Universe» фестиваліне «ТҰРАН» қазақ музыка мәдениетінің өкілдері және фестивальдің құрметті қонағы ретінде шақыртылды.

Кездесу 6 қарашада, сағ.18.00 де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кіші залында өтеді. Кіру тегін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 631
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 388
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374