Жұма, 3 Мамыр 2024
3047 0 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 12:59

КОФ Ерлан Балтабай ісіне қатысты алаңдаушылық білдірді

Қазақстан Республикасы Кәсіптік Одақтар Федерациясының қоғам белсендісі Ерлан Балтабайға қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Кәсіптік Одақтар Федерациясы Ерлан Балтабайдың үстінен қозғалған сот ісіне қатысты оқиғаларды мұқият бақылауда ұстап отыр.

Кәсіптік Одақтар Федерациясы Мемлекет басшысының биыл тамызда Е. Балтабайға рақымшылық жасау туралы шешімін ризашылықпен қабылдап, бұл шешімді ел басшылығының мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы  диалогты нығайту бағытының жалғасы деп санайды.

Біз заң үстемдігін мойындап, еңбекшілердің құқығы мен мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамалары шеңберінде қорғаймыз.

Халықаралық және ұлттық құқық нормаларын, кәсіподақтың ынтымақтастық пен ортақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Кәсіптік Одақтар әрқашан әлеуметтік теңдікті сақтап, қоғамда шиеленістерді азайтып, сындарлы диалог құру жолын ұстанады.

Жоғарыда айтылғандарға орай, Кәсіптік Одақтар Федерациясы Е.Балтабайға қатысты қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның құзырлы органдарын бұл істі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес объективті әрі жан-жақты қарау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 601
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 349
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 348
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 353