Жұма, 3 Мамыр 2024
3215 0 пікір 31 Қазан, 2019 сағат 11:33

АҚШ Конгрессі Түркияға санкция енгізу резолюциясын мақұлдады

АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасы Түркияға қарсы сакнция енгізу резолюциясын мақұлдады.

Конгрессмендер президент Дональд Трампты Сириядағы күрдтерге қарсы операциясы үшін Анкараға санкция енгізуге шақырды.

The Hill басылымы АҚШ Сенаты Түркияға жаңа санкция енгізуді қолдауы екіталай деп жазады. Олар мұндай қадам Вашингтонның НАТО бойынша одақтастарына қауіп туғызады деген.

Трамп осыған дейін Түркияға бірқатар шектеулер енгізген. Бірақ Анкара Сириядағы әскери операциясын тоқтатуға келіскеннен кейін, санкцияны алып тастады.

Түркияның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың бұл әрекеті НАТО бойынша әріптестік рухқа сәйкес келмейді деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 624
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 373
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 367
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 372