Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Осы ғой енді... 8107 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 15:11

«ШОҚЫНДЫРАТЫНЫН» МҮФТИ БІЛГЕН ЖОҚ

Abai.kz сайты кеше  Айдын Айымбетовтің ғарышқа аттанар сәтіндегі видео-көрсетілімді ел назарына ұсынған еді. Сол видеодағы  ғарышкерлерді киелі сумен шоқындырып жатқан сәтке оқырмандарымыз ерекше назар аударып, бас мүфтидің қазақ ғарышкеріне бет сипап, бата бермегеніне қынжылыс білдірген болатын. 

Бүгін біздің порталға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қызметінен арнайы мәлімдеме келіп түсті. Онда: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қазақтан шыққан үшінші ғарышкер – Айдын Айымбетовты ғарышқа ұшыру рәсіміне ұйымдастырушылар тарапынан шақырту келмеді. Діни рәсімдер орындалатыны жайында хабар жеткізілмеді» - делінген.

Сондай-ақ, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы: «Тарихи шараға Бас мүфти бастап, имамдар дұға-тілектерін жаудырып, батасын беріп жатса, жарасып-ақ кетер еді деп ойлаймын. Өйткені, имамдар қоғамдық іс-шараларға атсалысып, игі бастамаларда белсенділік танытып келеді», – деді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2171
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1791
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535