Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 9001 26 пікір 23 Қазан, 2019 сағат 15:32

Экс-президенттің атақ-марапаттары. Плюс 3

Еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше жапон императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысып қайтты. Осы сапарында Назарбаевқа Цукуба университетінің құрметті докторы атағы беріліпті. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті өткен аптада ғана Түркі әлемінің орденімен марапатталған еді. Бұл орден 15 қазанда Әзербайжан астанасы Бакуде өткен Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде табысталды. Дәл осы жиналыста Назарбаевқа «Түркітілдес елдердің кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы» атағы да берілген болатын.

Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев он күнге толмайтын уақытта екі бірдей құрметті атаққа ие болып отыр. Бірақ бұндай атақтар мен ордендер экс-президент үшін де, ел-жұрт үшін де таңсық емес. Әлемнің әр түкпірінен алған құрметті профессор, құрметті доктор, құрметті төраға сынды атақтар Тұңғыш Президентте бұрын да болған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі қызметтері:

Ол биыл наурызда президент өкілетін тоқтататынын мәлімдеген. Бірақ «Нұр Отан» партиясының лидері және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінде қалды.

- Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы,

- «Nur Otan» партиясының Төрағасы,

- Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы,

- Қазақстан Республикасы ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы,

- Назарбаев университеті, зияткерлік мектебі және қордың Жоғары қамқоршылық кеңесі Төрағасы,

- Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атақтары мен марапаттары:

- «Елбасы» статусы,

- «Құрметті сенатор» атағы,

- «Еуразия экономикалық одағының құрметті төрағасы» атағы,

- «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы» мәртебесі,

Бұлардан бөлек:

- Резерв пен запастағы офицерлер ұйымдарының Халықаралық кеңесшiлер комитетi берген «№1 рыцарь» атағы,

- Қазақстан ғалымдары берген «Ғасыр ғұламасы» атағы,

- Ресейде «Халықаралық қатынас» аталымы бойынша берілетін «Жыл адамы» атағы(үш мәрте 2012, 2014, 2015),

- «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» сынды арнаулы атақтары да бар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылыми дәрежелері мен атақтары:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің құрметті докторы,

- Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры,

- Халықаралық инженерлік академиясының академигі (Ресей),

- Беларусь Республикасы Ғылым академиясының шетелдік мүшесі (Беларусь),

- Қожа Ахмет Ясауи сыйлығының лауреаты,

- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ескерткіш таңбасы (Ресей),

- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (Ресей),

- Румыния ғылым академиясының құрметті экономика академигі (Румыния),

- «Нұри Худжант» Халықтық Академиясының құрметті академигі (Тәжікстан),

- Румыния экономика ғылымдары академиясының құрметті экономика докторы (Румыния),

- Халықаралық инженерлік академиясының академигі (Ресей),

- Беларусь Республикасы Ғылым академиясының шетелдік мүшесі (Беларусь),

- Қожа Ахмет Ясауи сыйлығының лауреаты,

- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ескерткіш таңбасы (Ресей),

- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (Ресей),

- Румыния ғылым академиясының құрметті экономика академигі (Румыния),

- «Нұри Худжант» Халықтық Академиясының құрметті академигі (Тәжікстан),

- Румыния экономика ғылымдары академиясының құрметті экономика докторы (Румыния),

- Халықаралық инженерлік академиясының жүлдесі (Ресей),

- Халықаралық шығармашылық академиясының құрметті академигі (Ресей),

- Халықаралық технологиялар ғылымдары Академиясының академигі (Ресей),

- Моңғол мемлекеттік университетінің құрметті докторы (Моңғолия),

- Халықаралық шығармашылық академиясының құрметті мүшесі (Ресей),

- Платонның алтын медалі,

- Л.Н.Гумилев атындағы сыйлықтың лауреаты (Ресей),

- Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының құрметті докторы (Ресей),

- «Құрметті профессор» естелік медалі,

- Ереван мемлекеттік университетінің құрметті докторы (Армения),

- Ғылымға үлкен үлес қосқаны үшін - ҚР Ұлттық ғылым академиясы,

- Ана тiлдiң айбары,

- Ислам әлемі ғылымдары академиясының құрметті мүшесі (Иордания),

- Тіл жанашыры,

- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті докторы (Ресей),

- Кембридж университетінің құрметті профессоры (Ұлыбритания),

- Тәжік ұлттық мемлекеттік университетінің құрметті докторы (Тәжікстан),

- Д.Кантемир атындағы Христиан университетінің құрметті докторы (Румыния),

- «Окан» университетінің құрметті докторы (Түркия),

- Т.Г.Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің құрметті докторы (Украина),

- Корей университетінің құрметті докторы (Корея),

- Вьетнам мемлекеттік университетінің құрметті докторы (Вьетнам Социалистік Республикасы),

- Цукуба университетінің құрметті докторы (Жапония),

- «Енсей» университетінің Құрметті ғылым докторы (Корея),

- Еуразия ұлттық университетінің Құрметті докторы,

- Қазан федералды университетінің Құрметті докторы (Ресей).

Шет мемлекеттердің атақтары, титулдары мен наградалары:

– тарихи әділеттілікті қалпына келтіру – православтік шіркеудің киесін қайтарудағы пайдалы қызметі үшін 1 дәрежелі әулие тақуа Мәскеулік князь Даниилдің ордені (Орыс православтік шіркеуі, 13 қараша 1996 ж.).

– «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» Үлкен лентамен көмкерілген Үлкен Крестің иегері ордені (Италия Республикасы, 5 мамыр 1997 ж.).

– Украина мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін I дәрежелі князь Ярослав Мудрый ордені (Украина, 14 қазан 1997 ж.).

– «Буюк хизматлари учун» ордені (Өзбекстан Республикасы, 31 қазан 1998 ж.) Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға, тарихи қалыптасқан өзбек-қазақ мәдени, рухани және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге, екі елдің халықтары арасындағы татукөршілік дәнекерлікті нығайтуға қосқан аса зор үлесі үшін.

– Әулие Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы, 12 қазан 1998 ж.) – Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін.

– «Румыния жұлдызы» ордені («Стяуа Ромынией») (Румыния, 11 қараша 1999 ж.) – Румыния мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті, өзара түсіністікті дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін.

– «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Үлкен құрмет жұлдызы» ордені (Австрия Республикасы, наурыз 2000 ж.) – Австрия мен Қазақстан арасындағы экономика, саясат және мәдениет салаларындағы достық байланыстарды нығайту ісіне сіңірген зор еңбегі үшін.

– «Ұлы Витаутас Үлкен Крест» ордені (Литва Республикасы, 11 мамыр, 2000 ж.) – Литва мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту ісіне қосқан жеке үлесі мен еңбегі үшін.

– Исмоили Сомони ордені (Тәжікстан Республикасы, 6 шілде 2000 ж.) – Тәжікстан мен Қазақстан халықтары арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстарды, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге сіңірген үлкен еңбегі, Тәжікстанда бейбітшілік орнатуға қосқан маңызды үлесі, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығының халықтарын жақындастыру жөніндегі қажымас күш-жігері үшін.

– Әулие Михаил мен Әулие Георгий орденінің Үлкен Кресі (Ұлыбритания, 15 қараша 2000 ж.) – ядролық қарусыздану ісіне қосқан зор үлес, үшін.

– Құтқарушы ордені (Грекия Республикасы, 16 шілде 2001 ж.).

– Үлкен жұлдызы бар лентадағы Томислав король ордені (Хорватия, 18 шілде 2001 ж.) – Хорватия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін.

– IX Пий ордені (Ватикан, 11 қазан 2001 ж.) – мемлекетті басқарудағы шеберлігі мен таланттығы үшін, сонымен бірге Астанадағы қабылдауда көрсетілген құрметке ризалық белгісі ретінде.

– Бостандық алтын ордені (Словения Республикасы, 22 мамыр 2002 ж.) – Словения Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы сіңірген еңбегін мойындағаны үшін.

– Ақ қыран ордені (Польша Республикасы, 24 мамыр 2002 ж.)

– Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін.

– «Ұлы Бадр алқасы» ордені (Сауд Аравиясы Корольдігі, 3 наурыз 2004 ж.).

– I Леопольд ордені (Бельгия Корольдігі, 5 желтоқсан 2006 ж.).

– «Тәуелсіздік» ордені (Катар мемлекеті, 11 наурыз 2007 ж.).

– Ахмат Кадыров ордені (Шешенстан Республикасы, 4 маусым 2007 ж.)

– I дәрежелі Қосарлы ақ крест ордені (Словакия Республикасы, 21 қараша 2007 ж.).

– «Румыния Парламенті Сенатына 140 жыл» мерекелік медалі (Румыния, 22 қараша 2007 ж.).

– «Алқалы үлкен крест» ордені (Венгрия, 23 қараша 2007 ж.).

– «Ұлы Ніл» ордені (Мысыр, 17 мамыр 2008 ж.).

– Құрметті легион орденінің Үлкен Кресі (Франция Республикасы, 11 маусым 2008 ж.).

– «Үлкен лентадағы Хризантема» ордені (Жапония, 19 маусым 2008 ж.).

– «Емен тәжі» ордені (Люксембург Ұлы Герцогтігі, 27 маусым 2008 ж.).

– «Эрдэнэ Очир» ордені (Моңғолия, 6 тамыз 2008 ж.).

– «Үш жұлдыз» ордені (Латвия Республикасы, 3 қазан 2008 ж.).

– «Заид» ордені (Біріккен Араб Әмірліктері, 16 наурыз 2009 ж.).

– Финляндияның Ақ раушангүл ордені (Финляндия, 24 наурыз 2009 ж.).

– «Мугунхва» ордені (Мәңгі гүлдейтін раушангүл) (Корея Республикасы, 13 мамыр 2009 ж.).

– Бірінші дәрежелі Түркия Республикасының ордені (Түркия Республикасы, 22 қазан 2009 ж.).

– Атақ пен Абырой ордені (Орыс православтік шіркеуі, 18 қаңтар 2010 ж.) – діниаралық серіктестікті халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту ісіне қосқан үлкен еңбегі үшін.

– Бостандық ордені ()Украина, 6 шілде 2010 ж. – украиндық-қазақстандық серіктестікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін.

– Мария Жері Кресінің ордені (Эстония Республикасы, 18 сәуір 2011 ж.) – Эстония Республикасы алдындағы ереше еңбегі үшін.

Дайындаған Қуаныш Қаппас

Abai.kz

26 пікір