Сенбі, 4 Мамыр 2024
3444 0 пікір 22 Қазан, 2019 сағат 10:31

Пентагон әскерін Сириядан Иракқа жіберді

Вашингтон Сирияның солтүстік-шығысындағы әскерін Иракқа жіберіп жатыр. Бұл жөнінде АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеді.

Оның сөзінше, 700-ден астам америка әскері Ирактың батысына орналасып, "Ислам мемлекеті" террористік ұйыммен күресті жалғастыра береді.

Сирия мемлекеттік SANA агенттігінің хабарлауынша, Американың әскри көлігі жексенбі күні Сириядан Солтүстік Иракқа қарай шыққан.

Агенттік мәліметінше, 100-дей жүк көлігімен әскери күзет ілесіп барады.

9 қазанда Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрдтерге қарсы әскери операция бастаған. Анкара оларды террористік ұйым деп есептейді. Вашингтон керісінше "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресте күрдтермен одақтас болған.

Өткен аптада Түркия мен АҚШ Сирияның солтүстігіндегі Анкара операциясын тоқтата тұруға келісті. 120 сағат ішінде күрд қарулы әскері соғыс алаңын тастап шығуы тиіс. Бірақ Түркия мен күрдтер келісімді бұзып, оқ атты деп бір-біріне айыптап жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1181
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1080
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 815
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 944