Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3149 0 пікір 3 Қазан, 2019 сағат 12:05

Қазалылық оқушы жыр жаттап 1 миллион теңге жеңіп алды

Республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатқан «Qazaq Epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Қызылорда облысындағы үздіктері анықталды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған жобаның аудандық іріктеу кезеңі қыркүйек айының 16-25 аралығында өткен болатын. Оған облыстағы 7 аудан мен Қызылорда қаласының оқушылары қатысты. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен олар облыстық байқауға жолдамаған еді.

Ағарту жобасының аймақтық кезеңі Қызылорда қаласынадағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Қазалы ауданынан келген Гүлзира Қонысбай жеңіп алып, 1000 000 теңгенің сертификаты табысталды. Жетекшісі Гүлфайруз Әлішева 2 000 000 теңгенің иесі атанды. Ал, ІІ орын иегері (600 000 теңге) - Даяна Толыбаева, жетекшісі (1 200 000 теңге) - Мереке Қайнарова (Қармақшы ауданы). III орын иегері (300 000 теңге) - Гауһар Әзен, жетекшісі (600 000 теңге) - Жадыра Көшекпаеваға (Қазалы ауданы) бұйырды.

Айта кетейік, аталған байқауға қатысуға облыстан 3 мыңға тарта оқушы ниет білдірген.

Естеріңізде болса, «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында өткізілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1427
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1267
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1028
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1081