Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2860 0 пікір 4 Тамыз, 2011 сағат 08:22

Мира Берікболова . «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 игі іс»

04.08.11.
Шығыс Қазақстан облысында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 игі іс», «Туған ел - алтын бесігім», «Туған жерге тағзым» секілді айтулы акциялар, апта сайын облыс орталығында өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелері, қымыз бен бал фестивальдері және басқа мәдени, рухани, спортық іс-шаралары қанат жайып, аймақ жұртшылығының арасында кеңінен қолдау тауып отыр. Тамыз айында Өскемен қаласында «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум өткізілетіні де Шығыс Қазақстанның шырайын кіргізе түсетіні анық. Облыста, әсіресе, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілетін жалпыұлттық мерекеге дайындықтың ауқымы өте кең.

04.08.11.
Шығыс Қазақстан облысында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 игі іс», «Туған ел - алтын бесігім», «Туған жерге тағзым» секілді айтулы акциялар, апта сайын облыс орталығында өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелері, қымыз бен бал фестивальдері және басқа мәдени, рухани, спортық іс-шаралары қанат жайып, аймақ жұртшылығының арасында кеңінен қолдау тауып отыр. Тамыз айында Өскемен қаласында «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум өткізілетіні де Шығыс Қазақстанның шырайын кіргізе түсетіні анық. Облыста, әсіресе, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілетін жалпыұлттық мерекеге дайындықтың ауқымы өте кең.

Осындай игілікті істерден Қа­тонқарағай ауданының еңбек ұжым­дары шет қалмаған.Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына дайындық және оны өткізу жөніндегі жалпыұлттық мерекенің маңыздылығы ескеріле отырып, ауданда ауқымды бағ­дар­лама қабылданған. Бұл бағдарлама аудан әкімінің есеп беру кезде­су­лерінде еңбек ұжымдары, ауылдық округтердің әкімдері мен мекеме басшылары, қатардағы тұрғындар айтқан ұсыныстар мен бастамалар ескеріліп жасалған.
Қатонқарағай ауданының әкімі Арман Ілиясұлы Бекбосынов атап айтқандай, бағдарламаның жүзеге асырылуына өз Отанына, туған өлкесінің тағдырына нем­құрайды қарамайтын, белсенді азаматтық ұстанымдары бар аза­маттар, ауылшаруашылық құры­лым­дары, мектеп ұстаздары, кәсіп­керлер, қоғамдық ұйымдар, оның ішінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалы, атқарушы және өкілетті органдардың өкіл­дері белсене қатысуда.
«Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 игі іс» бағдарламасы аудан көлемінде де Тәуелсіздік мерей­тойын тиісті деңгейде қарсы алу мақсатында ең ірі әлеуметтік маңызы бар жобаларды біріктіріп отыр. Осы мерейлі мерекеге орай ауданда бірқатар игілікті істер атқарылып жатыр. Мәселен, қаңтар айында Өрел ауылында салынған 320 орындық мектеп ғимараты, Қатонқарағай ауылында 75 орындық жаңа аурухана пай­далануға берілген.
Бір атап өтетін нәрсе, ауданда жүргізілген түсінік жұмыстарының нәтижесінде кәсіпкерлердің туған ел мен жерге өздерінің мерекелік тартуларын жасауы көбейді. Мәселен, осы ауданның түлектері ағайынды Садуевтер 25 миллион теңге қаражат бөліп, Ново­хай­рузовка ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп қана қой­май, арнайы фитнес залын салып, клубқа музыкалық аспаптар алып берді. Тағы бір атап өтетін нәрсе, Мұрат Садуев басқаратын «Са­майтранс» ЖҚҚ филиалы клуб меңгерушісінен басқа да қыз­мет­керлерін өз қорынан қар­жы­лан­ды­рып отыр. Осының арқасында ауылдық клубта үйірмелер жұмыс істеп, балаларға арналған кино көрсетілімдері, би кештері өткізіле бастаған.
Қатонқарағай ауданынан шыққан танымал азаматтар «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өз атамекендеріне деген перзенттік сүйіспеншіліктерін көрсете оты­рып, ауданның дамуына қомақты үлес қосып жатқанын атап айтқан ләзім. Осы ауданның Үшбұлақ ауы­лынан шыққан Қайрат Ахметов деген азамат 30 миллион теңгеге ауылдастарына жаңа клуб ғимаратын салып берген. Қазір Күршім ауылында тұратын Ержан Сқақов деген жігіт өз жерлестеріне демеушілік жасап, Қатонқарағай ауданының Еңбек ауылында 40 миллион теңгеге спортзал салып, ауыл балалары мен жастардың алғысына бөленді. Облыс ор­талығы Өскемен қаласында әр­түрлі салаларда жұмыс атқаратын аудан түлектері Мұрат Бұлғынов, Тоқтарбек Мағзұмов секілді аза­маттар өздері туып-өскен Майе­мер, Қызыл Жұлдыз ауылдарында мешіт салдыртып жатыр.
Өрел ауылының кәсіпкерлері, бұрынғы мектеп түлектері де өз­дері оқыған орта мектепке арнап 590 мың теңгеге Қатонқарағайдың жануарлар мен өсімдіктер дү­ниесі, тұмса табиғаты бейнеленген әртүрлі картиналар, музыкалық аппаратура, спорттық күрес ма­таларын, волейбол мен футбол доптарын, волейбол сеткаларын, ұлттық костюмдер, перделер, музыкалық аспаптар, төсеніштер мен кілемдер сатып алып, сыйға тартқан.
Кезінде Қатонқарағай ауда­нын­да да оңтайландыру жүргізіліп, мекемелердің барлығы дерлік жа­былған кезде бірқатар ғимарат­тар­дың су арзанға жекеменшіктің қолына өтіп кеткені жасырын емес. Солоновка, Аққайнар ауыл­дарында балабақша үйлерін ашуға қаржы табылмай қиналған кезде «Жігер» кооперативінің төрағасы Темірхан Дүйсебаев пен «Чернова» ӨК төрағасы Ю. Петуховтар же­кеменшіктеріндегі бұрынғы балабақша ғимараттарын мемлекет меншігіне қайтарған. Бұл да аза­маттардың туған жерлері мен ауыл­дастарының алдындағы азаматтық парызын сезінгендігінің белгісі.
Үлкен Нарын ауылында ад­во­каттық мекемені өз қаражатына салып, ауылдастарына құқық қорғау қызметін көрсетіп жүрген жеке кәсіпкер Роза Қолды­баева­ның игі ісі де атап өтуге тұрар­лық.
Биылғы мамыр айында аудан көлемінде «Жүзімізді балаларға бұрайық» атты қайырымдылық акциясы өткізілген. Осы акцияның аясында ауданның жеке кәсіп­кер­лері, шаруа қожалықтары, меке­ме­лер мен ұжымдар ауылдық ок­руг­терде тұратын 81 мүгедек ба­лаға, 66 жетім балаға әртүрлі киім-кешектер әперіп, қаржылай көмек көрсетуі де елімізде басталған игі істердің бірі болып табылатыны сөзсіз. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін бұл бәлендей қиын шаруа емес екені аян. Ал тағдырдан тумай жатып таяқ жеген жеткіншектер үшін бұл қайырымдылық көмектің маңызы зор болғаны сөзсіз. Мүгедек және жетім балаларға қатысты осындай қайырымдылық акциялары облыстың, республиканың түкпір-түкпірінде жыл сайын өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қатонқарағай ауданында «Туған жерге тағзым» акциясының кең қанат жайғанын ауданның шалғай елді мекендерінде де осы істің жаңғырығы естіліп жатқа­ны­нан байқауға болады. Мәселен, «Екі дос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Т.Жаман­ти­ков демеушілік жасап, 2,8 мил­лион теңгеге Ақсу ауылындағы пошта мен клубтың шатырына, қоршауына жөндеу жүргізіп, Ақсу ауылында 12 миллион теңгеге «Ардагерлер клубының» ғимара­тын салған. Осы азаматтың мереке сайын әлгі клубқа ауыл арда­гер­лерін жинап, сыйлықтарын тара­тып жатқаны өз алдына. Қазіргі кезде «Екі дос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақсу ауы­лында 12 миллион теңгеге футбол алаңын, балалардың ойын алаңын, жастарға арналған би алаңын салып жатыр, бұл құрылыстар да аяқталуға таяу. Демек, мұндай қамқорлықты көріп өскен ақсулық балалар мен жастар да келешекте өз ауылдары үшін қолдан келген жақсылықтарын жасайтын­дық­тары даусыз.
Биылғы маусым айының басында Қатонқарағай ауылында «Қымыз бен бал» мерекесі ұйым­дастырылып, ауданның шаруа қожалықтарының басшылары бал мен қымыздан өткізілген аудандық байқауға өз өнімдерін ұсынды. Олар өз өнімдерінің сапасын анық­тап, тұтынушыларға сауда­лаумен ғана шектелген жоқ. Сонымен қатар қайырымдылық көрсетіп, аз қамтамасыз етілген туберкулез ауруымен ауыратын жерлестеріне 1 тонна қымыз, 0,5 тонна бал та­ратты. Біздіңше, бұл да республика мен облыстың басқа кәсіпкерлері үлгі алатындай нәрсе.
Елбасымыз қолдаған, ауыл шаруашылығын, ауылды өркен­детуге бағытталған жаңа жобалар әлі де ойдағыдай жүзеге асуда. Ауданда мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімдіміз. Аудан басшысының айтуынша, келешекте демеуші­лер­дің көмегімен «Шаңғы база­сын» ұйымдастыру, «Алтай» спорт кешенін жөндеуден өткізу, аудан мектептеріне және балабақшаларға спорттық құрал-жабдықтар, шаң­ғылар, конькилер мен гим­нас­тикалық снарядтар сатып алу жоспарланып отыр.

Мира Берікболова

Шығыс Қазақстан облысы

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9246&Itemid=2

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2124
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2534
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2266
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1641