Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2992 0 пікір 2 Тамыз, 2011 сағат 08:44

Нұрболат Аманжол. Уызына жарымаған ұрпақ болмасын!

Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының емшек сүтімен емізу бүкіләлемдік апталығы басталды. Бұл апталыққа әлем елдерімен бірге, Қазақстан да белсене атсалысады. 1994 жылы ЮНИСЕФ балалар қорының қолдауымен елімізде ана сүтімен қоректендіруді қорғау, ынталандыру және қолдау жөнінде арнайы бағдарлама жасалып, сол бағдарлама аясында келелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл іске бүгінде Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері мен Тағамтану академиясы жұмылдырылған. Ана сүтінің маңызы мен осыған орай ұйымдастырылған апталықтың берер пайдасы жөнінде ЮНИСЕФ қорының Ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі Лариса Тенмен әңгімелестік. Медицина ғылымдары кандидатының айтуынша, ана сүті - сәби үшін ең пайдалы, өзге қандай да қорек түрі орнын алмастыра алмайтын тағам болып табылады. Омырау сүті А, Е, Д дәрумендеріне, ақуыз, май, темір, көмірсутек, су, өзге де баланың өсуіне қажетті минералды заттарға өте бай. Ал оны ему кезінде баланың бүкіл ағзасы қозғалысқа кеп, бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіліп, дамиды екен. Жаңа туған баланың асы - уыз болса, ана сүтінің ең бір дәрумендерге бай түрі болып келеді. Ол жаңа дүниеге келген нәрестенің тез ширап, әл жинауына көмектеседі. Кейін баланың өсуіне қарай ана сүтінің құрамдас бөліктері де өзгеріп отырады.

Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының емшек сүтімен емізу бүкіләлемдік апталығы басталды. Бұл апталыққа әлем елдерімен бірге, Қазақстан да белсене атсалысады. 1994 жылы ЮНИСЕФ балалар қорының қолдауымен елімізде ана сүтімен қоректендіруді қорғау, ынталандыру және қолдау жөнінде арнайы бағдарлама жасалып, сол бағдарлама аясында келелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл іске бүгінде Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері мен Тағамтану академиясы жұмылдырылған. Ана сүтінің маңызы мен осыған орай ұйымдастырылған апталықтың берер пайдасы жөнінде ЮНИСЕФ қорының Ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі Лариса Тенмен әңгімелестік. Медицина ғылымдары кандидатының айтуынша, ана сүті - сәби үшін ең пайдалы, өзге қандай да қорек түрі орнын алмастыра алмайтын тағам болып табылады. Омырау сүті А, Е, Д дәрумендеріне, ақуыз, май, темір, көмірсутек, су, өзге де баланың өсуіне қажетті минералды заттарға өте бай. Ал оны ему кезінде баланың бүкіл ағзасы қозғалысқа кеп, бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіліп, дамиды екен. Жаңа туған баланың асы - уыз болса, ана сүтінің ең бір дәрумендерге бай түрі болып келеді. Ол жаңа дүниеге келген нәрестенің тез ширап, әл жинауына көмектеседі. Кейін баланың өсуіне қарай ана сүтінің құрамдас бөліктері де өзгеріп отырады. Бастысы, баланы ана сүтінен тез аластатпау, яғни емшектен тым ерте шығармау болып табылады.
- Өкініштісі, балаларға арналған жасанды биологиялық тағамдардың көбеюімен бірге, баласын емізбейтін аналардың да қатары артып барады. Бұл дұрыс емес, баланың да, ананың да денсаулықтары үшін аса қауіпті. Ана сүтіне жарымаған бала аурушаң, әлжуаз болып өссе, емізбеген аналар омырау безінің қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін. Сондықтан да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын осы апталықтың жоғары деңгейде өтуіне зор мән береді. Қазақстанның да осы шараға белсене атсалысып жүргені көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстанда бүгінде 30-ға жуық перзентхананың жанынан аналарды сапалы тамақтандыру арқылы олардың балаларын тұрақты емізуіне жағдай жасалды. Бұл дәстүр республиканың барлық перзентханаларында жалғасын табады деген сенімдеміз, - дейді Лариса Тен.
Дәрігердің сөзінше, аналарға балаларын дұрыс емізу жайлы ақпараттық, үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізу қажет. Торсықтай-торсықтай ұл-қыз тапқан қазақ аналары балаларының қай-қайсысын да уақытынан ерте емшектен шығармаған. Алпамсадай батыр ұлдар мен қылықты да көркем қыздардың қазақта көп болғаны - осыдан. Алайда бұл дәстүр бүгінде үзігін жалғай алмай отырған жайы бар. Қасиетті Құран Кәрімде де баланы кемі екі жыл емізу қажеттігі жайлы айтылған. Бұл жайлы мәліметтерді «Бақара» және «Лұқман» сүрелерінен табуға болады.
- Жас аналардың балаларын емізуден бас тартуының түрлі себебі бар. Бірақ шын себептерден гөрі, соңғы уақытта сылтаулар көбейіп барады. Біздің 1994 жылдан бері жүргізіп келе жатқан бағдарламамыз нәтижесінде, бүгінде Қазақстанда аналардың 90 пайызы перзентханадан балаларын омырау сүтімен қоректендіріп шығарады. Алайда 3 айдан соң бұл пайыздық өлшем - 58,4 пайызға, 6 айдан соң, тіпті 30 пайызға төмендеп кетеді. Баласын 2 жасқа дейін емізетіндердің үлесі тым төмен. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде аналарды баласын омырау сүтімен қоректендіруін әлі де кеңінен қолдау қажет, - дейді маман. Сондай-ақ қаржылық қиыншылық жағдайында баланы ана сүтімен тамақтандыру отбасы бюджетін әлдеқайда үнемдейтінін де ескерген жөн. Мәселен, жаңа туған балаға алғашқы алты айда 20 келіден астам құрғақ балалар тағамы (44 бөтелке) қажет болса, әрбір бөтелкедегі тағамның құны - 300-400 теңге шамасында. Демек, әр отбасы құрғақ тағамның өзіне ай сайын кем дегенде 13 мың теңге көлемінде қаражат жұмсайды деген сөз. Бұдан бөлек, ыдыс-аяқ, газ шығындары бар, оған қоса, ананың құрғақ ұнтақтан тамақ әзірлеуіне уақыты да кетеді.
- Біз дәл осындай бағдарламаны Югославияда жүргізгенімізде әр ата-ана баласы 6 айға толғанша, отбасылық табысының 70 пайызын жұмсайтын. Әрі шығынды, әрі денсаулыққа пайдасы шамалы. Бүгінде әлем елдері аналарының 30 пайызы ғана балаларын кеуде сүтімен қоректендіреді. Егер осы пайыздық үлесті тым құрығанда 70-ке дейін көтерсек, онкологиялық аурулардың, қант диабетінің, инфекциялық сырқаттардың үлесін 50-60 пайызға дейін төмендеткен болар едік, - дейді Лариса Тен.

Нұрболат Аманжол

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9212&Itemid=2

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 444
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 235
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 262
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 258