Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3420 0 пікір 1 Тамыз, 2011 сағат 10:33

Әсел Қажиева. «Мемлекеттік тілді дамыту институтының» қазақ тілін үйрету жүйесі

Мемлекеттік тілді дамыту институтында курсқа келген тыңдаушылардан алдымен деңгей анықтайтын электронды бағдарлама арқылы тест алынады. Тест арқылы тыңдаушылардың бірден қай деңгейден бастап оқитындығы анықталады (бастауыш деңгей, жалғастырушы деңгей, тереңдетілген деңгей).Тест елу сұрақтан тұрады: жиырма бес сұраққа дейін дұрыс жауап берсе - бастауыш деңгей, қырық бес сұраққа дейін дұрыс жауап берсе - жалғастырушы деңгей, қырық бестен жоғары жинағандар - тереңдетілген деңгейді оқитын болады.
Мемлекеттік тілді оқыту курсы үш деңгейлі (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген), әрқайсысы 70 сағаттан тұратын бағдарламамен семинар түрінде модульдік тақырыптар бойынша жүргізіледі. Әр модуль лексикалық және грамматикалық тақырыптарды қамтиды. Тақырыпқа сәйкес мәтіндер мен жаттығу жұмыстары, диалогтар беріледі. Оқу барысында әр деңгейдің тыңдаушыларынан аралық тесті алынады. Сол арқылы үйренушілердің материалды қалай меңгеріп жатқандығы анықталады. Аралық тест бес нұсқадан, әр нұсқа отыз сұрақтан тұрады. Жинаған ұпай саны жиырма бестен жоғары болса, онда ол тыңдаушылар өткен тақырыпты жақсы меңгергендігін, ал ұпай саны одан аз болса, аталмыш тақырыпты жеткілікті деңгейде меңгермегендігін білдіреді.

Мемлекеттік тілді дамыту институтында курсқа келген тыңдаушылардан алдымен деңгей анықтайтын электронды бағдарлама арқылы тест алынады. Тест арқылы тыңдаушылардың бірден қай деңгейден бастап оқитындығы анықталады (бастауыш деңгей, жалғастырушы деңгей, тереңдетілген деңгей).Тест елу сұрақтан тұрады: жиырма бес сұраққа дейін дұрыс жауап берсе - бастауыш деңгей, қырық бес сұраққа дейін дұрыс жауап берсе - жалғастырушы деңгей, қырық бестен жоғары жинағандар - тереңдетілген деңгейді оқитын болады.
Мемлекеттік тілді оқыту курсы үш деңгейлі (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген), әрқайсысы 70 сағаттан тұратын бағдарламамен семинар түрінде модульдік тақырыптар бойынша жүргізіледі. Әр модуль лексикалық және грамматикалық тақырыптарды қамтиды. Тақырыпқа сәйкес мәтіндер мен жаттығу жұмыстары, диалогтар беріледі. Оқу барысында әр деңгейдің тыңдаушыларынан аралық тесті алынады. Сол арқылы үйренушілердің материалды қалай меңгеріп жатқандығы анықталады. Аралық тест бес нұсқадан, әр нұсқа отыз сұрақтан тұрады. Жинаған ұпай саны жиырма бестен жоғары болса, онда ол тыңдаушылар өткен тақырыпты жақсы меңгергендігін, ал ұпай саны одан аз болса, аталмыш тақырыпты жеткілікті деңгейде меңгермегендігін білдіреді.

Бастауыш деңгейдегі тыңдаушылар мамандықтарына сай кәсіби тілдің өзіндік ерекшеліктерін үйренеді және оны қатынас құралы ретінде пайдалана бастайды. Бүгінгі күннің талабына сай, қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгертіп, ауызша, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастырады, эссе, ойтолғау жазу сияқты шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыра бастайды. Мамандыққа қатысты кәсіби тілде сөйлейді. Бастауыш деңгейде меңгеруге тиісті салалық бағыттағы 1000-1500 сөзді жұмыс барысында қолдана алатын болады. Бастауыш деңгейде меңгерілетін тақырыптар: «Ұлттық этикет», «Өзім және отбасым», «Менің жұмыс орным», «Уақыт», «Ас - адамның арқауы», «Сауда орындары», «Тұрмыстық қызмет көрсету», «Денсаулық - зор байлық», «Менің отаным - Қазақстан» және т.б.
Жалғастырушы деңгейде семинар сала қызметкерлеріне күнделікті қоғамдық-әлеуметтік және тұрмыс-тіршілік қатынаста қолдануға қажет білім, білік дағдыны меңгертуге бағытталған. Семинардың мазмұнына қызметкерлер күнделікті қатынаста пайдалануға қажетті қазақ тілінің фонетика-интонациялық, лексика-грамматикалық заңдылықтарын қамтитын тілдік тұлғалар беріледі. Сонымен қатар, ісқағаздарын қазақша жүргізудің үлгілері мен өз салаларына қатысты термин сөздерді игеру де кіреді. Мамандыққа қатысты кәсіби тілді және мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуді, қатынас қағаздарын сауатты толтыруды үйренеді. Жалғастырушы деңгейде меңгеруге тиісті салалық бағыттағы 1500-2500 терминдерді меңгеріп шығады.Жалғастырушы деңгейде меңгерілетін тақырыптар: «Менің қалам», «Біздің мекеме», «Менің мамандығым», «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу», «Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар», «Кәсіби терминдер», «Заңды тұлға (мекеме, кәсіпорын, ұйым) құру» және т.б.
Тереңдетілген деңгей мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілерге мамандықтарына сай мемлекеттік терминология комиссиясында бекітілген терминдерді, ресми құжаттар тілінде қолданылатын тұрақты сөз орамдарын дұрыс жұмсай алуына бағыт береді. Бұл деңгейдің тыңдаушылары курсты аяқтаған кезде ісқағаздарын толық меңгеріп, өздері сол ісқағаз үлгілерін сауатты толтыра алатындай дәрежеде болады. Синтаксистік құрылымдарды қазақ тілінің нормасына сай қолдану, өз саласына қатысты ғылыми стиль мен терминдік бірліктерді меңгерту тереңдетілген деңгейдің басты мақсаты болып табылады. Тереңдетілген деңгейде меңгерілетін тақырыптар: «Ақпараттық-анықтамалық құжаттар», «Хат және оның түрлері», «Термин және термин жасау», «Қазақ мәдениеті». Қазақ тілін қатынас құралы тілі ретінде дұрыс пайдалануды және ісқағаздарын қазақша жүргізуді сапалы меңгерген сала қызметкерлері алған білімін еңбек жолында кәсіби-іскери, кәсіби-ресми бағытта қолдана алады. Барлық деңгейдегі семинарлар электрондық бағдарламалар мен мультимедиалық бағдарламалар қолдану арқылы оқытылады.
Барлық деңгейді аяқтаушылар бітіру тестін тапсыруы тиіс. Тест бес нұсқадан, әр нұсқа отыз сұрақтан тұрады. Бітіруші тесте ең жоғарғы жиырма алты ұпай жинаса, «өте жақсы» деген бағамен, жиырма екі ұпай жинаса, «жақсы» деген, ал одан төмен ұпай жинаса, «орташа» деген бағамен кезекті деңгейге өтеді. Ал бітіруші он алты ұпай жинай алмаса, өткен деңгейін қайта оқитын болады.
Оқыту барысында қолданылатын қорытынды сынақ тестілері - үш деңгейді де сәтті аяқтаған қызметшілер арасында мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізудің біліктілік талаптарын толық меңгергенін растау үшін өткізіледі. Ол үшін тыңдаушы 100 ұпайдың кемінде жетпісін жинауы шарт: 1-бөлім грамматика 30 ұпай, 2-бөлім оқылым 10 ұпай, 3-бөлім жазылым 20 ұпай, 4-бөлім аударма 20 ұпай, 5-бөлім сөйлесім 10 ұпай, 6-бөлім тыңдалым 10 ұпай.
Топта ең көбі 12 тыңдаушы болады және оқыту барысында төмендегідей әдебиеттер пайдаланылады.

Бастауыш деңгей
1. Б. ҚапалбековТілашар: Методикалық құрал (бастауышқа арналған) Алматы, 2009. - 68 бет.
2. Н.Қ. Мұхамадиева Кәсіби қазақ тілі Алматы, 2006. - І оқу кітабы - 80 бет.
3. Г.Қ. Досмамбетова, А.Д. Сейсенова Сәлем! Алматы, 2008. - 218 бет.
4. Қазақ тілі (қысқаша грамматикалық анықтағыш) - Алматы, 2010. - 92 бет.
5. А.А. Мұсабекова Қазақ тілі Астана, 2009. - 128 бет.
6. Қ. Хасенова, Б. Қанатбекова, Н. Найзабекова, Ү. Бекіш, С. Әзербаева, А. Тоқтарбаева Жаттығулар жинағы Алматы, 2007. - 84 бет.
7. Қазақша үйренеміз (коммуникативтік оқу-ойын бағдарламасы) Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
8. Қазақ тілі (базалық деңгейге арналған электрондық оқыту бағдарламасы) Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы

Жалғастырушы деңгей
1. Қазақша-орысша сөздік: 50 мыңға жуық сөз - Алматы, 2008. - 962 бет.
2. Русско-казахский словарь. 1-том. А-О.  - Алматы, 2007. - 640 бет.
3. Русско-казахский словарь. 2-том. О-Я.  - Алматы, 2007. - 640 бет.
4. Р. Шәймерденов, Л. Туманова Бекітілген терминдер сөздігі (Қазақша-орысша/Орысша-қазақша) - Алматы, 2009.
5. Р. Құдайбергенов Техникалық терминдер сөздігі: 50 мыңға жуық термин.Төрт бөлім. 1-бөлім - Алматы, 2009. - 616 бет.
6. Н. Уәлиұлы, А. Фазылжанова, Қ. Күдеринова, Ғ. Әнес Орфографиялық сөздік - Алматы, 2007. - 480 бет.
7. А. Ильясова Орысша-қазақша ұйқас сөздер - Алматы, 2010. - 320 бет
8. Ә. Қажиева Тест-жинақ (орыс аудиториясына арналған) - Алматы, 2010. - 320 бет

Тереңдетілген деңгей
1. Н.Қ. Мұхамадиева, Н.Ә. Үштемір Қазақ тілі орыс мектеп лицей гимназиясы және колледждерінде қазақ тілін тереңдетіп оқуға арналған оқулық - Алматы, 2006. - 140 бет.
2. Н. Мұхамадиева Кәсіби қазақ тілі II оқу кітабы - Алматы, 2006
3. Б. Қапалбеков Казахский язык (грамматический справочник) -Алматы, 2010
4. Қ. Хасенова, Б. Қанабекова Жаттығулар жинағы - Алматы,2007
5. Қазақстан Республикасында ісқағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде ісқағаздарын жүргізу үлгілері) - Алматы, 2008. - 350 бет.
6. Ісқағаздарының үлгілері (жергілікті атқарушы органдардың құжаттары) - Алматы, 2008. - 386 бет.
7. Л. Дүйсембекова Қазақ тілі: Іс қағаздарын жүргізу - Алматы, 2010. - 400 бет.
8. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі - Алматы, 2005. - 720 бет
9. Қазақша-орысша халықаралық және саяси сөздік-анықтамалық - Астана, 2006. 454 бет
10. Ісқағаздарының үлгілері (жергілікті атқарушы органдардың құжаттары) электронды оқулық.

01.07.2011ж

Әсел Қажиева
Мемлекеттік тілді дамыту
институтының оқытушысы

http://mtdi.kz/kz/makalalar/oku-adistemelik/538

0 пікір