Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2566 0 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 12:47

Балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы соңғы үш жылда 38% ке өсті

Елімізде балалы отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға айрықша мән беріліп келеді. Бұл Елбасы саясатының маңызды бөлігі десек те қателеспейміз. Оларға әртүрлі әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар, салық салу жеңілдіктері мен жұмыспен қамту шаралары да жатады.

Қазірде аталған әлеуметтік көмек отбасыларға төмендегі 5 санат бойынша беріледі:

-көпбалалы отбасыларға;

-аз қамтылған отбасыларға;

-мүгедек баласы бар отбасыларға;

-1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға және отбасыларға

-бала асырап алған немесе қамқорлығына алған отбасылар мен асыраушысынан айырылған балаларға

Мемлекеттік саясат та ел азаматтарына барлық жағдайда қолдау кһрсетіп келеді. Аталған жүйе әртүрлі әлеуметтік дәреже мен өмірлік жағдайларды толық қамтыған. Ал, аталған әлеуметтік төлемдер әр жылда инфляция деңгейінде белгіленеді. Қазір елімізде өмірге келген әр нәрестеге жәрдемақы беру қарастырылған. Аталған жәрдемақы көлемі бала туу санына қарай беріледі. Биылғы жылы бірінші, екінші, үшінші бала дүниеге келгендегі жәрдемақы мөлшері – 95 950 теңгені құрады. Ал, төртінші және одан көп балалы болғандар 159 075 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Айта кетейік, бала тууға берілетін жәрдемақы мөлшері соңы үш жылда 38% ке өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, балалы отбасыларды қолдау мақсатында берілетін жәрдемақыға мемлекет тарапынан 40,7 миллиард теңге бөлінген. Бұл жәрдемақыны елімізде 395 мың адам алған.

Одан бөлек, елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша да әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Мұндай көмекке жұмыс істейтін де, жұмыссыз аналар да ие бола алады.

Егер нәрестенің анасы жұмыссыз болса, бала өмірге келгеннен кейін оған бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік көмек беріледі. Аталған көмек ай сайын бір жыл бойына беріледі. Ал,ай сайынғы алатын жәрдемақы мөлшері 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Өткен жылы аталған әлеуметтік жәрдемақыны 125 мыңға жуық адам алған. Оның жалпы көлемі 30 миллиард теңгені құрайды. Ал, 2016-2019 жылдар аралығында мұндай жәрдемақының көлемі 19% ке артты.

Айта кетейік, нәрестенің анасы босанғанға дейін жұмыс істеген болса, оған да әлеуметтік жәрдемақы беріліп тұрады. Ондай аналарға негізінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

Ол, әуелі, жүктілік және бала туу кезінде берілетін төлем. Оның мөлшері әйел адамның соңғы бір жылдағы орташа айлық табысының негізінде белгіленеді. 2018 жылдың қорытьындысы бойынша, аталған төлемнің орташа мөлшері 391 170 теңгені құраған.

Одан кейін, бала бір жасқа толғанша берілетін бала күтіміне арналған жәрдемақы. Ол соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40%%ін құрайды. Өткен жылы бқл жәрдемақының  орташа мөлшері 32 361 теңге болды.

Ал, жалпы, өткен жылы 400 мың ата-ана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру өоры арқылы жалпы сомасы 165 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы алды.

Сонымен қатар, мемлекет ауыр аяқ әйелдердің декреттік демалысында, орташа айлық табыстың 10% көлеміндегі міндетті зейнетақы жарнасын алып отырады. Бұл бала күтімімен үйде отырған аналардың зейнетақы жинағы тоөтап қалмау үшін жасалып жатқан қадамдар.

Енді, жұмыс істейтін әйелдердің құқығы мен кепілі еңбеу заңнамасы негізінде қорғалады. Мәселен, қаржылық себептермен штатты қысқарту негізінде, жұмыс көлемін төмендетуде еңбек келісім-шарты бұзылмайды. Аталған келісімшарт - 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен,  жүктілігі туралы анықтамасы бар жүкті әйелдермен және 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған , сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар жалғыз басты аналармен жасалады.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жеке кәсібін ашуды мақсат тұтқан әйелдерге де жан-жақты көмектер қарастырған. Бұл тұрғыда нәзік жандылардың кәсіпкерлік жолын қолдайтын әртүрлі еммлекеттік бағдарламалар да бар. Мәселен, өткен жылы мемлеттік нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 3033 әйел микрокредит және 1243 әйел жаңа бизнес жобаларын дамытуға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант алады.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға да ерекше көңіл бөлінген. Және, олар үшін бірқатар жеңілдіктер де қарастырылған.

Яғни, әрбір көпбалалы анаға мемлекет тарапынан “Алтын алқа”, “Күміс алқаға”  ие болғандарға сонымен қатар, бұрын “Батыр Ана” 1,2 дәрежелі “Ана даңқы” орденімен марапатталғандарға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Аталған жәрдемақы үнемі және біржола тағайындалған. Сондай-ақ, ана зейнеткерлікке шыққан күнде де тоқтамайды. Яғни, бұл жәрдемақы ананың табысынан тыс төленеді.

Жәрдемақының көлемі 16 мың 160 теңгені яғни, 6,4 айлық есептік көрсеткішті құрайды сонымен қатар, ол жыл сайынғы инфляция деңгейінде беріледі. Сондықтан да аталған жәрдемақы төменгі күн көріс деңгейімен байланыстырылмайды. Айта кетейік, қазір елімізде аналардың мұндай құрметті атағына 237 мың анаға беріледі. Ол үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 45 миллиард теңге бөлінген.

Тағы бір айта кетерлігі, “Алтын алқа” және “Күміс алқа” атағына ие болған көпбалалы аналар бірнеше жекелеген салықтардан да босатылады. Яғни, жер салығынан және көлік құралдары салығынан, төлқұжат немесе жеке куәлік алу кезінде нотариалдық және заңгерлік маңызы бар қызмет түрлері үшін мемлекеттік баждан және тұрғылықты жерін тіркеу барысында бірнеше жңілдіктер қарастырылған.

Төрт және одан көп баласы кәселеттік жасқа жетпеген отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағйындалған 2018 жылы мұндай жәрдемақыны 271 мың отбасы иеленген. Ал, оның жалпы көлемі 32,8 миллиард теңгені құраған.

Сонымен қатар, зейнетақымен қамту жағынан бес және одан көп баласы бар аналар зейнеткерлікке 53 жасында шыға алады.

Ал, табысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралараы бар?

Өткен жылдың 1-қаңтарынан бастап табысы төмен, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсетудің басқа тәртібі енгізілді. Яғни, аталған көмекті тағайындау үшін кедейлік шегінің мөлшері күнделікті табыс деңгейінен 40% тен 50% ке дейін ұлғайтылған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмектің орташа көлемі 2 есеге ұлғайғанын көрсетеді.

Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек жаңа бағытта беріліп жатыр. Ол тек ақшалай ғана емес, түрлі әлеуметтік қызмет түрлері арқылы да қарастырылған. Оның ішінде оқыту, микрокредит бері, жұмысқа тұруға қолдау көрсеті сияқтымаңызды бөлігін айтып кету керек.

Сонымен қатар, қазір елімізде мүгедек бала асырап отырған отбасыларды, асыраушысынан айырылған отбасыларды тағы басқа әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау үшін бірнеше шаралар қарастырылған.

 

Яғни, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға берілетін ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы көлемі 41578 теңге көлемінде бекітілген. Ал, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әтрүрлі тобына қарай беріледі: бірінші топтағы мүгедек балаға – 57 мың 21 теңге, екінші топтағы мүгекдек жандар үшін 47 мың 220 теңге, үшінші топтағы балаға – 35 мың 638 теңге көлемінде төленеді.

Бұл төлемдерге қоса, бала кәмелет жасына толғанға дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға да жәрдемақы төленеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 80,6 мың адам аталған жәрдемақыны алған. Ал, мұндай жәрдемақы көлемі 2019 жылы 31183 теңгені құраған.

Өткен жылдың 1-шілдесінен бастап, елімізде 18 жастан асқан бала күнінен бірінші топтағы мүгедек жанға күтімі бойынша жәрдемақы беру енгізілген. Мұны өткен жылы 11,5 мың адам алған. Ал, биыл аталған жәрдемақы көлемі 31 183 теңге болды.

Сонымен қатар, техникалық құрал-саймандармен қамтамасыз етуді қажет ететін балалар, жүріп-тұруы үшін қажетті құралмен және шипажайда емделу мен міндетті гигиеналық құралдармен тегін қаматамасыз етіледі.

Ал, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік бюджеттен 25 мың 541 теңге көлеміндегі ай сайынғы жәрдемақы тағайындалған. Бұл асырауында бір бала үшін, ал, алты немесе одан да көп бала асырап отырғандар 62 663 теңге көлемінде жәрдемақы алады.

Сондай-ақ, халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуы үшін 2018 жылдан бастап төрт түрлі қызмет бойынша проактивті режим енгізілген. Яғн, азаматтар қажетті қызметті алу үшін мемлекеттік органдарға бармай-ақ,қызмет түрін ала алады. Ол жерде жаңа туған баланы тіркеу, баланы балабақша кезегіне орналастыру, бала өмірге келгендегі берілетін жәрдемақыны және 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін  төлемді электронды рәсімдеу бір проактивті режимде беріледі.

Тағы бір айта  кетерлігі, мемлекеттік қолдаудың арқасында ана мен баланы қорғау жайлы қабылданған шаралар оң нәтижесін беріп келеді. Сөйтіп, елімізде демографиялық ахуал едәуір жақсарған. Мәселен, соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 10%  ке артты. Яғни, 2008 жылы 356,6 бала туылса, 2018 жылы 391 мың бала дүниеге келген.

Бұл тұрғыда ана мен баланы әлеуметтік қорғадың  мемлекеттік шарасы сәтті жүзеге асырылғанын тағы бір мәрте айтып өтуге тиіспіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1732
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1708
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1431
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1355