Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Спорт 1678 0 пікір 9 Тамыз, 2019 сағат 17:12

Илья Ильин Қазақстан Республикасында топ жарды

4-9 тамыз аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті.

Аталған турнирде қызылордалық зілтеміршілер табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленді.

102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен «Жұлқа көтеруде» 170 келіні еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық тұрды. Ал «Серпе көтеруде» Ильян Ильин 200 келі салмақты бірінші мүмкіндігінде көтере алмай, екінші талпынысында бағындырды. Ал үшінші мүмкіндігінде 205 келіге тапсырыс беріп, өкінішке орай зілтемірге шамасы жетпеді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша Илья Ильин 370 келіні (170 келі жұлқа көтеру-200 келі серпе көтеру) көтеріп, спартакиаданың жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар, 109 келіде Александр Зайчиков 339 (153+186) келіні көтерді. Сөйтіп жерлестеріміз Қазақстан спартакиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал, 61 келіде Азамат Төлеген (106+135=341) күміс жүлдені еншілесе, 76 келіде Динара Қыпшақбай (80+101=181), +76 келіде Айсамал Сансызбаева (99+130=229) жəне 96 келіде Рахат Бекболат(142+170=312) қола жүлделерге қол жеткізді.

Abai.kz

0 пікір