Бейсенбі, 21 Қаңтар 2021
2349 0 пікір 31 Тамыз, 2019 сағат 01:35

Қызылордада отырып ойнау волейболынан ел чемпионаты басталды

Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан ел чемпионаты жалауын көтерді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Айтулы бәсеке үш күнге созылады. Бұған Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарынан 6 команда қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылуына облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов қатысып, қатысушы командаларға сəттілік тіледі.

Бұл дода келер жылы Америкада өтетін Əлем кубогына іріктеу жарысы болып табылады. Сондай-ақ, халықаралық жарыс арқылы Паралимпиада ойындарына қатысатын құрама команда жасақталады.

Ел чемпионатының алғашқы күнінде Қызылорда командасы Ақтөбе спортшыларын 3:0 есебімен жеңді.

Қызылордада қаңтар айында облыс тарихында алғашқы рет мүгедектерге арналған спорт клубы ашылған еді. Клубта 350-дей спортшы спорттың 15 түрімен шұғылданады. Жыл басынан бері клуб спортшылары ҚР чемпионаттарына қатысып, 24 медаль жеңіп алса, 4 ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері дайындалды.

Оның ішінде отырып ойнау волейболынан 4 спортшы Қазақстан құрама сапына енді. Отырып ойнау волейболынан облыс командасы ҚР кубогының 2 мəрте иегері атанса, ҚР чемпионатының бірнеше мəрте жүлдегері болды. Биылғы жылы Бангкок қаласындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленді.

Abai.kz

0 пікір