Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2204 0 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 09:38

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚМГ БӨ проблеманы өркениетті жолмен шешу қажеттігі жайында заңсыз наразылық акциясына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Астана, 21 шілде 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») кәсіпорында қалыптасқан жағдайды Компания үшін де, жұмыскерлер үшін де аз шығынмен шешудің сындарлы жолдарын іздестіруде.

Шеберлер, цехтардың, әлеуметтік саясат бөлімдерінің басшылары, кадр бөлімінің мамандары мен заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың қатардағы әріптестерінен құралған түсіндіру топтары тұрақты түрде жұмысқа шықпай жүрген қызметкерлермен кездесу өткізуде. Кездесу барысында олар қалыптасқан ахуал туралы толыққанды дұрыс ақпарат беріп, жұмыс берушінің позициясын түсіндіріп, жұмыскерлерді байыптылық танытуға және заңсыз наразылық акциясын ұйымдастырушылардың арандатушылығына берілмеуге шақыруда. Мұндай жұмыстар акция басталғалы бері жүргізіліп келеді және соның нәтижесінде ереуілшілердің саны азайды.

ҚМГ БӨ проблеманы өркениетті жолмен шешу қажеттігі жайында заңсыз наразылық акциясына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Астана, 21 шілде 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») кәсіпорында қалыптасқан жағдайды Компания үшін де, жұмыскерлер үшін де аз шығынмен шешудің сындарлы жолдарын іздестіруде.

Шеберлер, цехтардың, әлеуметтік саясат бөлімдерінің басшылары, кадр бөлімінің мамандары мен заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың қатардағы әріптестерінен құралған түсіндіру топтары тұрақты түрде жұмысқа шықпай жүрген қызметкерлермен кездесу өткізуде. Кездесу барысында олар қалыптасқан ахуал туралы толыққанды дұрыс ақпарат беріп, жұмыс берушінің позициясын түсіндіріп, жұмыскерлерді байыптылық танытуға және заңсыз наразылық акциясын ұйымдастырушылардың арандатушылығына берілмеуге шақыруда. Мұндай жұмыстар акция басталғалы бері жүргізіліп келеді және соның нәтижесінде ереуілшілердің саны азайды.

Еңбек заңнамасы Компанияға дәлелді себепсіз үш сағаттан астам жұмыста болмағандарды жұмыстан шығаруға мүмкіндік беретінін атап өту керек. Соған қарамастан, ҚМГ БӨ мәселенің байыбына бармай, өзіндік пікірінен гөрі, білместіктің салдарынан отқа май құюшылар мен арандатушылардың айтқанына сеніп, айтағына көніп жүрген жұмыскерлер зардап шекпес үшін мейлінше мұндай қадамға бармай отыр.

Кездесу барысында наразылық акциясына қатысушыларға еңбек заңнамасының нормалары түсіндіріліп, Компанияның барлық төлемдері еңбек заңнамасына сәйкес келетінін және ҚМГ БӨ тарапынан ешқандай заң бұзушылық жоқ екенін дәлелдейтін мемлекеттік органдардың хаттарымен таныстыруда. Түсіндіру топтары барлық проблемаларды Қазақстан заңдарының аясында сындарлы жолдармен шешіп, заңсыз наразылық акциясына қатысушыларды жұмысқа шығуға шақырып отыр. Бұл ретте жұмыстан шығарылған ӨМГ жұмыскерлерінің мәселесі заңсыз наразылық акциясына қатысушылар түгелдей жұмысқа шыққан жағдайда ғана Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аманкелді Айтқұлов төрағалық ететін арнайы жұмыс комиссиясында қаралатын болады.

 

Сонымен бірге, Компания ӨМГ ұжымының басым бөлігі заңсыз наразылық акциясына қатысушыларды жасырын жақтаушылар тарапынан толастамай отырған қорқыту, сес көрсету, қауіп төндіру әрекеттеріне қарамастан жұмысқа шығып отырғанын атап өтеді. ҚМГ БӨ бұл ретте еңбек келісім-шартының, Ұжымдық шарттың негізгі ережелерін және заңнама талаптарын сақтап, қолдау көрсеткені үшін еңбек ұжымының басым бөлігіне алғысын білдіреді.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін растады.

 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)

Дәулет Жұмаділ

e-mail: pr@kmgep.kz

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

 

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)

Елена Добсон

е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

0 пікір