Жексенбі, 28 Сәуір 2024
4413 1 пікір 23 Тамыз, 2019 сағат 11:03

Қызылордада медициналық инфрақұрылым жаңаруда

Қызылорда облысында 2026 жылға дейін 81 млрд теңгеге 107 нысанның құрылысын салу мен жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Осы жылы өңірлік перспективалық жоспар шеңберінде 8,3 млрд теңгеге инвестиция тартуға 21 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

– Оның ішінде, жалпы құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын екі аудандық аурухана, 17 алғашқы медициналық көмек нысандары бар. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында, құны 1,1 млрд. теңгеге құрайтын, екі ірі медициналық құрал-жабдық сатып алынуда. Олар облыстық көпбейінді ауруханасына және Қазалы ауданаралық ауруханаларына қойылған ангиографиялық қондырғылар. Бұл қондырғылардың көмегімен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, дер кезінде медициналық көмек алуға жағдай туғызу, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Қазіргі күні республикалық бюджет есебінен апаттық жағдайдағы 1 ауданаралық аурухана және Шиелі аудандық ауруханасы жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Басқарма басшысы қанайналым жүйесі ауруынан өлім-жітімді төмендету мақсатында Қазалы ауданаралық аурухана базасында кардиологиялық орталықты қыркүйек айында іске қосу жоспарланып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, ол қызылордалықтардың өмір сүру жасының өскенін айтты.

Abai.kz

1 пікір