Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2168 0 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 05:04

Қазақстанның ҚМДБ басшысы Рамазан айында алкогольдік ішімдіктер сатпай, азық-түлікке бағаны төмендетуге шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және орта азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі  республиканың сауда орындарында Рамазан айында алкогольдік ішімдіктер стапай, азық-түлікке бағаны төмендетуге шақырды.

Киелі Рамазан айы осы жылы 1 тамызда басталады.

«Мүмкіндігі бар отандастарымды осынау қасиетті де, берекеге толы айда Алла разылығы үшін игі істерді мейлінше көбірек жасауға шақырамын. Жыл сайын Рамазан айы келуімен дүкендер мен базарларда азық-түлік бағаларының күрт қымбаттап кететінін көріп жүрміз. Бұл, әрине, халықтың орынды наразылығын туғызады. Мүбәрак айда кәсіпкер мұсылман бауырларымды Жасаған иеміздің мейірімін тілеп, азық-түліктің, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің бағасын 10 пайызға жеңілдетуге шақырамын. Қоғамдық көліктерде жүру ақысы, коммуналдық төлемақылар және телекоммуникациялық байланыс тарифтері  де осылай төмендетілсе», - деп айтылған ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланған Қазақстанның Бас муфтиінің үндеуінде.

«Жұртымыз қасиетті айда Алла тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, шариғатымыз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болса деген тілегім бар. Мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі ішілмесе, дүкендерде сатылмаса. Себебі, ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың құдси хадисінде Алла тағала ішімдік ішкенді, ішкізгенді, сатқанды, сатып алғанды, сондай-ақ оны жасап шығарғанды лағынеттеген», - деді Дербесәлі Қазақстандықтарға.

Қасиетті Құран кәрімде: «Әй, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, бұттарға табыну және бал ашатын оқтар - ластық, шайтанның iстерi. Мұратқа жетем десеңдер олардан аулақ болыңдар», - делінген («Маида» сүресi, 90-91 аят).

Бұл үндеу барша адамзат баласына мол ризық беруші Алла тағаланың разылығына біздің жұртымыз мұнан әрі қарай да бөленіп, сауабына ие бола берсе деген ізгі мақсаттан туып отыр. Сауапты амалдар жасаудың сәтін қолдан шығарып алмайық, ағайын!

АСТАНА, 21 шіл - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1953
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2229
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1834
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1544