Сенбі, 4 Мамыр 2024
5865 1 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 10:33

Өзбекстан ұлттық валюта бағамын еркіне жіберді

Өзбекстан Ұлттық банкі 20 тамыздан бастап ұлттық валютасы - сумды шетелдік валютаға айырбастау бағамын еркіне жібергенін жариялады.

Ұлттық банктің хабарламасына сәйкес, бұдан әрі валюта бағамын сатушылар мен сатып алушылар анықтайды, бұл шынайы экономикалық қажеттілік.

Ұлттық банктің шешімінен кейін сумның арзандағаны байқалды. 20 тамызда бір доллар 9384 сум болып, бір күн бұрынғы бағамға қарағанда 323 сумға арзандаған.

20 тамыздан бастап Өзбекстанның екінші деңгейдегі банктері де шетелдік валютаны сата бастады.

Өзбекстан билігі осыған дейін валюта бағамын қадағалауында ұстаған.

Нарықтағы соңғы өзгерістерді сарапшылар президент Шавкат Мирзияевтің 30 миллион халқы бар Өзбекстан экономикасына инвестиция тартудағы мақсаты ретінде бағалайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 912
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 765