Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2287 0 пікір 10 Шілде, 2019 сағат 11:35

Әр салада әйелдердің үлесі артып келеді

Елімізде қазіргі уақытта әр салада әйелдер қауымының үлесі артып келеді. Бұл мемлекет тарапынан көрсетілген нақты қолдау мен Елбасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың артқан сенімі екені рас.

Сол артылған сенімнің нәтижесінде гендерлік саясат тақырыбы еліміздің қоғамдық өмірінде үлкен маңызға ие болды. 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының  бас ассамблеясы ұйымға мүше мемлекеттер арасында “17 орнықты даму мақсатын” бекітті. Сол мақсаттардың бірі әр саладағы әйелдер үлесін арттыруға бағытталған болатын. Яғни, әйелдер қауымының ерік-жігерін пайдалана отырып, қоғамдағы тепе-теңдікті сақтауға назар аудару.

Қазақстан да аталған дүниежүзілік құжатта бекітілген міндеттерді өз деңгейінде атқарып келеді. Осыған дейінгі әйелдер мәселелері жөніндегі отырыстарда бұл саланы қалай тиімді дамыту туралы әртүрлі пікілер мен ұсыныстар ұсынылды.

Аталған ұсыныстардың қатарында нәзік жандылардың әр салада үлкен жетістікке жетіп, олардың мүмкіндіктерін ерлермен тең дәрежеде қалыптастыру, сонымен қатар сол дәреженің өз деңгейінде қалуына тиісті жағдай жасау.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын Қазақстандағы бюджеттік сала қызметкерлерінің арасындағы нәзік жандылар 55,5 процентті көрсеткен. Одан бергі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан қыруар еңбекті ескерсек, еліміз жылдан-жылға әйелдердің әр саладағы өсіп-жетілуіне тиісті жағдайды айтарлықтай жасап келеді деген сөз.

Сонымен қатар, Қазақстанда Мемлекет тарапынан арнайы “2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат” тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары басталған болатын.

Ол тұжырымдамаға әр адам үлес қоса алады? Бірақ, қалай?

Аталған тұжырымдаманы іске асыру үшін ең әуелі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат ұлттық комиссиясы басқосулар өткізіп, нақты мәселелерді талқылады. Онда, гендерлік саясаттың ең өткір мәселелері талқыланды. Мәселен, бюджеттік сала мамандарының ішіндегі әйелдердің үлес салмағын арттыру шараларына басымдық беру қажеттігі маңызды екені айтылды. Бұл мәселе нәзік жандылардың деңгейі биліктік негізде өрлеуге жол ашады.

Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын әйелдердің әкімшілік ресурстарға тарлыу деңгейі 48% болса, олардың қызметке орналасу деңгейі 48,5 % болған. Ал, нәзік жандылардың басшы болу, ұжымдарға жетекшілік ету үлесі 34,8% болыпты. Қазір бұл көрсеткіш біршама өскен.

Айта кетейік, мемлекет деңгейінде қолға алынған аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін 2030 жылы жетекшілік және басшылық қызметте жүрген нәзік жандылардың ара салмағын 30% ке дейін жеткізу көзделген.

Ол үшін елімізде әйелдер қауымына жасалып отырған жеңілдіктер аз емес. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын, бюджеттік сала қызметкерлерін аттестациялау барысында, нәзік жандылардың құқығын қорғау үшін әйелдердің отбасылық және екіқабат жағдайында еңбек құқықтарының талаптарына сәйкес біліктілікті көтеру сындарынан босатылған болатын.

Ал, болашақта жұмыстан қолы тимейтін нәзік жандылардың отбасына көңіл бөлу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

Елімізде аталған саясат бірқатар заңдармен реттеледі. Ол, “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы” және “Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы” заңдар.

Ал, осыған дейін елімізде мемлекет басшылығының қолдауымен “Гендерлік теңдік стратегиясы” қолға алынып, 2006-2016 жылдары іске асырылған болатын. Сол арқылы ҚР 2030 жылға дейінгі гендерлік және отбасылық саясат тұжырымдамасы жасалды.

Алдағы уақытта да осы тұжырымдама негізінде іргелі істер атқарылмақ. Себебі бұл әлем бойынша қалыпты құбылыс. Нәзік жандылардың отбасы мен қатар әр салада табысты болуы мемлекеттік саясаттың тағы бір үлгі етер тұсы болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1962
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2286
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1875
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552