Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
2957 4 пікір 24 Шілде, 2019 сағат 16:07

Жапон депутаты Абайдың қара сөзінен үзінді оқыды

«Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасы республикалық деңгейден асып, халықаралық деңгейге дейін жетті. Эстафетаны Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамура жалғастырып отыр.

Жапон депутатына Абай шығармаларын оқу эстафетасын ҚР Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед жолдаған екен.

"Қазақтың ұлы ақыны, ғұламасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдыға орай, досым Құл-Мұхаммедтен поэзия эстафетасын қабылдап, Абайдың 38-ші қара сөзінен үзінді оқып бергім келеді", - Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы Такео Кавамура.

Сондай-ақ, ол эстафетаны жалғастыруды эстафетаны Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа тапсырды.

«Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасының кең көлемде жалғасуына 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы түрткі болды. Ол ұлы ақынның өлеңін оқып, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

Мемлекет басшысы эстафетаға қолдау білдіріп, ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқыды. Әрі эстафетаны одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған.

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген де мемлекет басшысы ұсынған эстафетаны қуанышпен қабыл алып, ұлы ақынның «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңін оқыды. Димаш бұл challenge-ді жалғастыруды Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутойға және өзінің барлық тыңдарманына тапсырған еді. Осыған орай ресейлік өнерпаз да ұлы Абайдың өлеңін оқыған болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1683