Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3934 6 пікір 16 Шілде, 2019 сағат 19:15

Эстафета: Гүлшара Әбдіқалықова Абайдың қара сөзін оқыды

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жалғасып жатқан «Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасын жалғастырды.

"ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғановадан ұлы ақын, дана ойшыл, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай басталған челленджді құрметпен қабыл алдым. Ұлы Абайдың шығармалары ішінде шоқтығы биік туындылары - оның "Қара сөздері. 19-қара сөзіне тоқталсам", - деген Әбдіқалықова ұлы ақынның қара сөзінен үзінді оқыды.

Премьер-министрдің орынбасары челленджді жалғастыруға Қазақстанның еңбек ері, халық жазушысы Олжас Сүлейменовті, "Зерен-2019" жазғы лагерінің жаңашыл белсенді жастарын шақырды.

«Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасының кең көлемде жалғасуына 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы түрткі болды. Ол ұлы ақынның өлеңін оқып, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

Мемлекет басшысы эстафетаға қолдау білдіріп, ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқыды. Әрі эстафетаны одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған.

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген де мемлекет басшысы ұсынған эстафетаны қуанышпен қабыл алып, ұлы ақынның «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңін оқыды. Димаш бұл challenge-ді жалғастыруды Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутойға және өзінің барлық тыңдарманына тапсырған еді. Осыған орай ресейлік өнерпаз да ұлы Абайдың өлеңін оқыған болатын.

Игорь Крутойдан бөлек, әлемнің әр түкпірінен Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары Абай өлеңдерін жатқа оқып жарысқан. Осылайша, «Абай өлеңдерін жатқа оқу» эстафетасы республикалық деңгейден асып, халықаралық деңгейге дейін жетті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1963
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2291
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1880
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552