Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2742 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 09:54

Ашық хат

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, нәсiлдiк, ұлттық астамшылықты насихаттауға немесе үгiттеуге, басқа да іс-әрекеттерге жол берiлмейдi. Сіз Конституцияның кепілі болғандықтан Сізден Көкшетауда басталған қазақ ұлтының ар-намысына тиетін пиығылын ашық көрсетіп, Қазақстан Республикасының ішкі тұтастығын бұзуға ниеттенген адамдар мен топтардың іс-әрекеттерге тоқтау салуыңызды сұраймыз. Атап айтқанда, Көкшетаудағы орыс диаспорасы «Империялық лента» акциясы арқылы «Біздің отанымыз Ресей», «Біз отанымыз Ресейді сүйеміз» деген ұрандар көтере бастады. Енді олар аталған акцияны бүкіл Қазақстанда өткізуді қолға алып жатыр.  Акцияшылар «Қазақстанның қай қаласында, қандай елді мекенінде орыс бар, сол жердің бәрінде «Империялық лента» желбірейтін болады» деп отыр.   Сондай-ақ, ұлт араздығын туғызу үшін, халықты арандату үшін үгіт-насихат жүргізген www.russianskz.info интернет-сайтының Қазақстанда ақпарат таратуына тыйым салуын қарастыруға пәрмен етуіңізді өтінеміз.

Осы күнге дейін аталған сайт «орыс тіліне қысым күшейді», «орыс ұлтын шеттету басталды», «біздің отанымыз - Ресей» деген сияқты  ел ішіне іріткі салатын сөздер  ақпарат таратып келеді. Қазақстанның азаматтары бола тұра аталған сайтта сөз алатын  кейбір саяси ұйым басшыларының   Ресейді отаным, біздің президент деп Д.Медведевті атап жатуы Қазақстанның ішкі мәселелеріне Ресейдің араласуын көздеген саясат болып табылады. Сайтта жарияланған бірқатар мақалалардың тақырыбын  былай болып келеді:

«Имперская ленточка» в Казахстане...Мы любим Россию - своё Отечество»

«Казахская этнократия с «фиговым листом»...Русских в республике дискриминируют «технично»,

«Казахи говорят русскоязычным: иди, учи казахский язык...»

Тақырыбының өзі осындай, ал мақалаларға байланысты жазылған пікірлерді оқитын болсақ,  тіпті ұят.

Қазақтарды қорлаған кәсіпкер Николай Живилев («Вы, казахи, все ниже моего пояса. Я вас всех куплю»), «Степной маяк» газетінің редакторы Сергей Кибасов (Жилье бомжа казаха - юрта), «Lets go» - «Поехали» журналының авторы Артем Русакович («Уральск русский город, волею судеб оказавшися в Казахстане. История Уральска тесно связана с Россией, а с Казахстаном почти ни как»), осы тектес ұлтараздығын туғызатын сөздер орыстілді басылым беттерінде көбейіп  барады. Ұлтаралық  араздық туғызбау үшін жоғарыда аталған арандатушылардың Конституцияға сәйкес жазалануын қалаймыз.

Ашық хатқа қолдау көрсетіп, қол қою үшін электронды поштаңызбен толық аты-жөніңізді төмендегі пікір алаңына қалдыра аласыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1792
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400