Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2486 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 08:59

Алматыда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтитын жаңа сауда үйі бой көтерді

АЛМАТЫ. 7 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматы қаласы Әуезов ауданында 5 қабатты, жалпы аумағы 6200 шаршы метрді құрайтын,  50-ден астам адамды жұмыспен қамтитын «Форум» жиһаз сауда үйі ашылды.

Аталған жаңа ғимарттың салтанатты ашылу рәсіміне келген аудан әкімі Бекқали Торғаев алдымен жиналған жұртшылықты келе жатқан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойымен, сондай-ақ, Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

«Бірлігіміз бен ауызбіршілігіміздің арқасында Әуезов ауданы бүгінде әлеуметтік-экономикалық салада зор жетістіктерге жетіп отыр. Бұл ең алдымен қала және ауданда тұрып жатқан барша азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткен жетістік», -деп атап өтті аудан әкімі.

Бүгін бұл ауданда қазіргі заман талаптарына  сәйкес келмейтін сауда орындары мен базарлардың орнын қазіргі заманға сай салынған сауда орталықтарымен  толықтыру жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұл бірінші кезекте заман талабы, екіншіден тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыс екендігі белгілі. Осы тұста Б.Торғаев:  «Біз ауданымызда жаңадан ашылған әрбір нысанға үлкен мән береміз, өйткені ол жаңа жұмыс орындары мен қалаға құйылған жаңа инвестиция екендігі айдан анық», -деді.

Аталған ғимарат З.Қабдолов көшесінің бойында «АРМАДА» сауда орталығына қарама-қарсы жерде салынған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1708
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1671
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1399
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1327