Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2903 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 08:55

Еліміздегі әр жоғары оқу орнының өз миссиясы болуы керек – «Темпус» үйлестірушісі Ш.Тасболатова

АЛМАТЫ. 7 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Еліміздегі  148 жоғары оқу орнының әрбірінің алдына қойған өз миссиясы болу керек.

Бұл жайында Алматыда «Орталық Азиядағы жоғары білімді стратегиялық жоспарлау» атты семинар барысында «Темпус» ұлттық бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Тасболатова мәлім етті.

Оның пайымдауынша, сауатты стратегиялық жоспарлау мәселесі отандық ЖОО үшін өте маңызды. "Бұл тақырыптар ЖОО-ның қажеттіліктерін талдау қорытындылары бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен анықталды",-дейді Ш. Тасболатова.

Үйлестірушінің мәлімдеуінше, бiрнеше құрама бөліктер мен компоненттерден тұратын стратегиялық жоспарлау міндетті түрде ереже бойынша орындауды қажет ететін өзіндік ерекшелікке ие. Ол ішкі және сыртқы орта сараптауынан бастау алады.

"Осы ЖОО-ның тапсырма берушiлерiне не қажет? Тұтынушы одан не күтеді? Содан ЖОО-ның миссиясы мен көрінісі айқындалады. Мәселен, бір ЖОО-ның басқалардан нақты қандай ерекшелігі бар екендігі анықталады. Бұл стратегия  ЖОО-ның ұжымымен ғана жасалып қоймай, тапсырыс берушілердің, Құрылтай кеңесшілерімен біріге жасалуы керек", -деп атап өтті өз сөзінде бағдарлама үйлестірушісі.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде өтіп жатқан бұл  шараны білім жөніндегі сыртқы атқарушы агенттіктердің сарапшылары өткізуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1765
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1464
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376