Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2710 3 пікір 10 Шілде, 2019 сағат 10:50

Гонконг премьері күдіктілерді Қытайға экстрадициялау туралы заң "жойылғанын" жариялады

Гонконг үкіметінің басшысы Кэрри Лам Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасының "жойылғанын" жариялады. Ол көпшіліктің қарсылығын туғызған құжатты қабылдау әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын мойындады. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Дегенмен Гонконг премьері наразы топтың заң жобасын тез арада қайтарып алу туралы басты талабын орындамады.

Қалада наразылық акцияларының жүріп жатқанына бір ай болды. Олар автономия билігінің заң бұзғандар мен қылмыскерлерді ҚХР билігіне беруге рұқсат ету ниетіне қарсы шықты. Заң жобасын сынаушылардың пікірінше, құжат диссиденттер мен әділетсіз қудаланған адамдарды Қытайға ұстап беру үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.

15 маусымда Гонконг үкіметінің басшысы құжатпен жұмыс белгісіз уақытқа тоқтатылғанын, бірақ толықтай доғарылмағанын жариялаған. Бұл мәлімдеме халық наразылығын одан сайын қоздыра түсті. Наразылыққа шыққандар үкімет басшысының қызметтен кетуін талап етті. Сол кезде, кейбір мәліметтерге қарағанда, наразылық акциясына шамамен екі миллион адам қатысқан. 1 маусымда шеруге шыққандар аймақ парламентінің ғимаратын бірнеше сағатқа басып алған.

Қытай 1997 жылы Гонконгты Ұлыбританиядан алған уақытта, мұнда кем дегенде 50 жыл бойы адам құқықтарының негізін сақтауға уәде берген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659