Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3226 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 08:37

Амантай қажы Асылбеков: «Аттан, Қазақстан» (аудио)

Бүгін де әр қазақ алыстан жазбай танитын бір адам бар болса, ол - Амантай қажы Асылбеков.

Бұл кісі «Аттан, Қазақстан» қозғалысының жетекшісі. Түрлі қоғамдық-саяси шараларға тіпті, кейде халықаралық мәселелерге де белсене араласып, ат үстінен түспей, қазақ қоғамын қалғытпай келе жатқан «Аттан, Қазақстан» қозғалысының құрылғанына жиырма жыл толыпты.

Осыдан табаны күректей жиырма жыл бұрын ел Тәуелсіздігімен қатар өмірге келген қозғалыс Семей ядролық полигонының жабылуына ересен еңбек сіңіргені елдің жадында.  Одан бері де талай рет ел мен жердің мәселесінде Алашқа аттандап жүрген қозғалыстың жиырма жылдығына орай Амантай қажымен әңгімелескен едік.

«Абай-ақпарат»

- Аға, «Аттан, Қазақстан» қозғалысының құрылғанына 20 жыл толып жатыр екен. Қозғалыстың құрылу тарихынан аз-кем әңгіме айтып берсеңіз?

- Аса ерекше, қайырымды, бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы Алланың атымен бастаймын!

«Аттан, Қазақстан» қозғалысы 1991-нші 14-нші мамыр күні құрылды. Біздің мақсатымыз - қазақтың ұлттық-патриоттық ұйымдарының басын қосып, жүз күнде Семей полигонын жабу болды. Осы бастамамызды бірінші болып, сол кезде Алтынбек Сәрсенбайұлы басқаратын «Горизонт» газеті басты. Өзімізде халыққа үнімізді жеткізу үшін газет шығардық. Халық бізді қолдады.

Сөйтіп, республиканың әр жерінде Семей ядролық полигонының жабылуын қолдаған бейбіт шерулер өткіздік. Шеруге қатысқан адамдар да есеп болмады. Ақыры, Семейге де жеттік. Ол жерде де бейбіт шеру өткізіп, тамыздың 29-ы полигон жабылуы тиіс екенін айттық. Жергілікті телеарна үзбей беріп тұрды. Тіпті, 23-і күні республикалық арнадан тікелей эфирге шығып сөйледім.

Қазақтың патриот жігіттері Нұрекеңе барып, «Нұреке, «Аттан» комитеті құрылды. Аманта      й Асылбеков басқарып жатыр. «Аттанға кіресіз бе?» деп сұраған екен, Нұрекең: «Кіремін» депті.

Сөйтіп, 29-ншы тамызда Семейде үлкен бейбіт шеру болды. Соның алдында президентке телеграмма салдым. Оны Ғани Қасымов жеткізіп берді. Міне, Алланың бұйырығымен, қазақ халқы «Аттанып», ресми түрде қол қойылып, ядролық полигонды жапты.

Мен саған айтайын, үкіметтен ешқандай көмек алған емеспін.

- Алғыңыз келе ме енді?

- Жоқ, алғым да келіп тұрған жоқ. Мүлдем алмауым да мүмкін. Айтпақшы, Орал казактарын тоқтаттық, Ермактың ескерткішін де бұздық қой. Полигонның зардабынан су қараңғы болып қалған зағиптерге Алланың разылығы үшін көмектесіп келемін. Мені қинайтыны, соларға жергілікті билік қол ұшын созбайды.  Мұны негізі президент Нұрсұлтан Әбішұлы білмейтін болуы керек. Білсе - ондай жағдай болмас еді.

- Бір сөзіңізде казактарды тоқтатқандарыңыз жөнінде айтып қалдыңыз ғой. Бүгінгі казактардың іс-әрекетіне қалай қарайсыз? Қазір олар қаруларын асынып, киімдерін киіп алып тайраңдап жүретін болды ғой.

- Бұлардың Қазақстанда патшаның киімін киіп жүруі  - ол үлкен қылмыс. Оларға президент қол беріп, Ассамблеяға кіріп, соның мүшелігіне дейін кірді. Бұл - Нұрекеңнің осалдығы. Сен мені саясатқа салма!

- Сіз президент сайлауы болған сайын сайлауға түсесіз. Соңына таман келгенде даусыңызды Назарбаевқа бере саласыз? Соныңыз қалай енді?

- Мен үш рет сайлауға түсуге арыз беріппін. Екі рет мені тіркеді. Бірақ, бұл сайлауда айналайын, әңгіме Амантай қажы президент болуда емес, «иманды мемлекет құрамын» деп ұрандап шықтым.

«Адамның дегені емес, Алланың дегені болады». Иншалла, қазаққа көз, тіл тимесін, Алла қазаққа бақуатты, бақытты заман берсін!

- Рахмет сізге.

Редакциядан:

Амантай қажы Асылбеков бізге берген сұхбатының үтір, нүктесіне дейін бұзбай сол қалпында жарыққа шығаруымызды өтінді. Бізде қажекеңнің сөзін жерге тастамай сұхбаттың толық аудио нұсқасын төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1770
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1748
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1470
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1380