Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
4051 14 пікір 6 Шілде, 2019 сағат 22:59

ІІМ: Заңсыз митинг ұйымдастыру әрекеттері тіркелді

6 шілде мереке күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингілер ұйымдастыру әрекеттері тіркелді.

Әкімдіктің, прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, бірқатар азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның араңдатушылықтарына ерді.

Олардың бірқатары құқық қорғаушы қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттерге барды. Басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірді.

Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу бойынша заңда қаралған шаралар қабылдады.

Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімдеріне жеткізілді. Кейбіреуінен түтіндегіш құты және травматикалық қару алынды.

Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша сауатты жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Abai.kz

14 пікір