Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3064 0 пікір 20 Маусым, 2019 сағат 10:49

Қызылордада көпбалалы отбасының балалары қоғамдық көлікте тегін жүреді

Облыс орталығында "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жиынға қатысқан Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасы Қырымбек Көшербаев сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдарды жергілікті органдар тыңғылықты қарап, оның орындалуын және мәселенің оң шешілуін қатаң бақылауға алуға шақырды. Сондай-ақ, кеңес барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталған аймақ басшысы:

– Облыстық білім басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып, аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен және қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін жүруін ұйымдастыруды тапсырамын. Сонымен қатар, мектептегі асханаларды талапқа сәйкестендіру, тамақтану сапасын көтеру бойынша жұмысты жеделдету қажет,- деп атап өтті.

Abai.kz

0 пікір